Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет53/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   146
вирус

Серологиялық балауда комплементті байланыстыру реакциясы, вирустарды бейтараптау 
реакциясы, гемагглютинацияны тежеу реакциясы және иммунды ферменттік талдау 
пайдаланылады. 
ҰСАҚ МАЛДАР ОБАСЫ (Pestis ovium et caprarum) 
Ұсақ малдар обасы жіті түрде өтетін жұқпалы вирустық ауру. Бұл ауруға шалдыққан 
жануарларда лихорадка, мұрыны мен көзінің кілегейлі қабықтары зақымдалады, катаральды-
геморрагиялық энтерит, жаралы-некротикалық стоматит, пневмония байқалады және 
лимфойдты органдары зақымдалып, олардың 90%-ының өлуімен сипатталады. Ұсақ малдар 
обасына қойлар, әсіресе ешкілер, жабайы жұп тұяқтылардың ішінен – қарақұйрық, нубий тау 
ешкісі, ларистан қойлары шалдығады. Ірі қара малдар мен шошқаларда ауру ағымдары 
симптомсыз өтеді.
Ауру қоздырушысы РНҚ-лы бар вирустар тобына, Paramyxoviridae тұқымдастығына, 
Morbillivirus туыстығына жатады. Вирион сопақша және дөңгелек пішінді, құрамында 
комплементті байланыстырушы және преципитиндеуші антигендері болады. Серологиялық 
қасиеттері жағынан ірі қара малдар мен иттердің обасына ұқсас келеді. 
Ұсақ малдар обасының вирусы +60
о
С-де 1 сғат аралығында инактивацияланады. Спирт 
пен эфирге және сілтілі ерітінділердің әсеріне төзімсіз келеді. Мұздатылған және –20
о
С-де 
қатырылған үлпаларда 6 айға дейін тіршілігін сақтайды.
Ауруға шалдыққан жануарлардың көз жасы, мұрындарынан аққан сұйықтығы, жөтелген 
кезде бөлінген сілекейі, сүті, нәжісі, іш тастаған малдардың жыныс мүшелерінен бөлінген және 
басқа да секреттері, өлекселері мен еріксіз сойылған мал еті арқылы сыртқы ортаға тарайды.
Вирус аэрогенді және алиментарлы жолдармен, вируспен ластанған азықтар, ауру мал мен сау 
малдар бірге тұрған жағдайда жұғады. 
Ұсақ малдар обасын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне, 
патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертхана жағдайында вирустарды бөліп алуға, сезімтал 
жануарларға биосынама қоюға, КБР, ДПР, БР, ИФР, ИФТ, ПТР көмегімен вирустар мен 
олардың антигендерін анықтауға негізделген. 
Клиникалық балауы. Қойлар мен ешкіледе аурудың жасырын кезеңі 3 күннен 10 күнге 
дейін, сирек жағдайда 15 күнге дейін созылады. Ауру ағымы –өте жіті, жіті және жітілеу түрде 
өтеді.
Өте жіті ағымы ешкілерге ғана тиісті болады. 
Аурудың жіті ағымында малдардың дене қызуы кенеттен көтеріліп, 40-41,5
о
С болады, 
қысқа уақыт қозу байқалғаннан кейін депрессия болады, азыққа тәбеті төмендейді, мұрын 
айнасы мен еріндері құрғайды. Ауыз бен мұрынының кілегей қабықшалары алғашында 
гиперемияланып, сосын некротикалық ошақтар мен жара пайда болады, серозды және серозды-
іріңді сұйықтықтар бөлініп қабыршақтар түзіледі де танауы бітеліп қалады. Жағымсыз иісті 
некротикалық стоматит байқалады. Тыныс алуы қиындайды, демігеді, жөтеледі, пневмония 
белгілері көрінеді. Конъюнктива ісінеді, катаральды конъюнктивитке ұшырап, көзінен көп 
мөлшерде экссудат бөлінеді. Организм жүдеп, сусызданып, дене қызуы төмендеп, 5-10 күннің 
ішінде өлімге ұшырайды. Жануарлардың 90%-ы ауруға шалдығып, олардың 50-80%-ы шығынға 
ұшырайды.


Жітілеу түрінде ауру ағымы баяу өтеді (10-15 күнге дейін), дене қызуының көтерілуі 
әлсін-әлсін қайталанып тұрады, пневмония, диарея дамиды және организмнің сусыздануы 
байқалады. Нәтижесінде жануарлар бірте-бірте сауығып кетеді. Аурудың ауыр жағдайында 
жануарлардың 20%-ы 2-3 аптадан кейін шығынға ұшырайды. Аурудан сауыққан жануарлардың 
организмінде өмірлік иммунитет қалыптасады. Ал олардың төлдеріне берілген колостральды 
иммунитет 6 айға дейін сақталады.
Патологоанатомиялық балауы. Өлекселер жүдеу, астыңғы еріні, тілінің, таңдайының, 
ауызының кілегей қабықтары зақымдалған, эрозиялы және жаралы стоматит болады. Мұрын, 
мұрын қуысы, көмейі мен кеңірдегінің кілегелі қабаттарында ұсақ қанталаулар мен эрозиялар 
байқалады. Аурудың негізгі белгілерінің бірі болып бронхопневмония, плеврит және 
гидроторакс саналады. Онекі елі және соқыр ішектері нүктелі және жолақты қанталаған. Көк 
бауыры қою қызыл түсті қанға толған. Жұтқыншақ, портальды және мезентериальды лимфа 
бездерінде некрозға ұшыраған. Кейде эрозиялық вульвовагинит байқалады.
Дифференциалдық балауы. Ұсақ малдар обасын ірі қара мал обасынан, ешкілердің 
контагиозды плевропневмониясынан, қойлардың катаральды қызбасынан (блютанг), 
пастереллезден, контагиозды эктимадан, аусылдан, кокцидиоздан, минералды улармен 
уланудан қой мен ешкілердің трансмиссивті вирустық ауруынан (найроби) ажырату қажет. Бұл 
ауруға адамдар да шалдығады. 
Зертханалық балауы. Материалдарды алу және зерттеуге дайындау. Патологиялық 
материал ретінде гепарин қосылған қан, мұрыны мен ауыз қуыстарынан аққан сұйықтықтардан 
және тік ішектің кілегейлі қабығынан жасалған жағындылар, бронхиальды және 
мезентериальды лимфа бездері, көк бауыры, өкпе мен жуан ішек үлгілері. Алынған үлгілерді 
мұзы бар термостарға салып зертханаға жібереді.
Зерттеуге алынған үлгілердің суспензиясымен жасуша өсінділерін жұқтырады немесе 
сезімтал жануарларға биосынама қояды. Органдардан алынған үлгілерге гистологиялық 
зерттеулер жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет