Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет54/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   146
вирус

Жасуша өсінділеріне жұқтыру. Ұсақ малдар обасының вирусы қой эмбрионының немесе 
қозы бүйректерінен дайындалған алғашқы жасуша өсінділері мен осы вирусқа адаптацияланған 
басқа да алғашқы және тұрақты жасуша өсінділерінде жақсы көбейеді.
Жасуша өсінділерінен вирустарды идентификациялау үшін электронды микроскопиялау
вирустарды бейтараптау реакциясы, диффузиялық преципитация, иммунофлуоресценция 
реакциясының жанама қойылымы, иммунды ферменттік талдау және иммуногистопатология 
әдістері қолданылады.
Сезімтал 
жануарларға 
жұқтыру. 
Ауру 
малдардан 
алынған 
патологиялық 
материалдардан дайындалған суспензияны 2 айлық лақтарға жұқтырады.
Вирустардың индикациясы мен идентификациясында вирустарды бейтараптау реакциясы, 
диффузиялық преципитация реакциясы, иммунофлуоресценция реакциясының жанама 
қойылымы, иммунды ферменттік талдау және полимеразалық-тізбекті реакция қолданылады. 
Серологиялық балауда вирустарды бейтараптау реакциясы, иммунды ферменттік талдау, 
диффузиялық преципитация реакциясы, иммунодиффузияны тежеу реакциясы және 
иммуноэлектрофорез пайдаланылады. 
ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ КОНТАГИОЗДЫ ПЛЕВРОПНЕВМОНИЯСЫ 
(Pleuropneumonia contagiosa bovium) 
Ірі қара малдың контагиозды плевропневмониясы өкпенің фибринді қабынуымен, өкпенің 
зақымдалған бөліктерінің өліеттенуімен, серозды- фибринозды плевритінің салдарынан көкірек 
қуысында көп мөлшерде экссудат жиналуымен ерекшеленетін аса жұғымтал ауру.
Ірі қара малдың контагиозды плевропневмониясына табиғи жағдайда сиырлардан басқа 
енеке, қодас, бизон, зебу шалдығады. Жасанды жолмен қойға, ешкіге, түйеге, солтүстік 
бұғыларға жұқтыруға болады. 
Ауру қоздырушысы Mycoplasma mycoides var. mycoides. Бұл Tenericutes бөліміне, 
Mollicutes класына, Mycoplasmatales қатарына, Mycoplasma туысына жатады. Ауруды 1765 
жылы алғаш рет Буржел сипаттаған, ал 1792 жылы Хаберст бұл аурудың жұқпалы екендігін 
дәлеледеген. 1898 жылы француз ғалымдары Нокар мен Ру қоздырушының сүзгіден өтіп 
кететін плевропневмотропты микроб ретінде сипаттаған. Микоплазмалар – жасуша 
қабырғалары жоқ, сырты үш қабатты цитоплазмалық мембранамен қапталған, полиморфты, 
пішіні кокк, жіпше және жұлдызша пішінді болып келетін, бактериалдық сүзгілерден өтіп 


кететін, грам-теріс, көлемі 0,2-0,8 мкм болатын микроорганизм.
Микробтың сыртқы орта әсеріне төзімділігі нашар. Оларды құрғақшылық пен күн сәулесі 
5-24 сағатта жояды. Шіріген материалдарда микробтар (+4-8
о
С-де) 8-9 тәулікке дейін, ал құрсақ 
қуысындағы ошақтарда 12-14 айға дейін сақталады

Қатырылған өкпеде микоплазма 1 жылға, 
ал лиофильденгенде 5 жылға дейін сақталады.
Дезинфектанттардың (күйдіргіш натрий, қышқылдар, күкіртті крбол қоспасы, хлорамин
хлорлы және жаңадан сөндірілген әк) тиісті концентрациялары ауру қоздырушысын тиімді 
залалсыздандырады.
Ірі қара малдың контагиозды плевропневмониясының таралуына себепші болып ауру, 
әсіресе аурудың созылмалы ағымындағы мал саналады. Бұл категориядағы жануарлар өте 
қауіпті, оларда аурудың клиникалық белгілері көрінбей, микоплазматасымалдаушы болып, сау 
малдарға тез арада (негізінен респираторлы жолмен) жұқтырады.
Ауруды балау эпизоотологиялық деректерге (тек ірі қара малдар шалдығады, ауру баяу 
өрбиді), клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертхана жағдайында 
бұзауларға биосынама қоюға, бактериологиялық және серологиялық (КБР, ИФТ, ЖГАР, ДПР, 
ИФР) әдістермен зерттеуге негізделген. 
Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі 2-4 апта, кейде 4-6 айға дейін созылады. 
Ауру ағымы –өте жіті, жіті, жітілеу, созылмалы және атипті түрде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет