Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет55/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   146
вирус

Өте жіті ағымы кезінде өкпе күшті зақымданып, экссудативтік плеврит пен пневмония 
белгілері білінеді. Тыныс алуы қиындап, жөтел пайда болады. Дене қызуы 41
о
С-ден асады. 
Азыққа тәбеті болмайды, күйіс қайыруы тоқтайды, іші өтеді де мал 2-8 күн ішінде өледі. 
Аурудың жіті ағымында малдардың жөтелуімен қатар дене
қызуының аздап жоғарлауы, 
кейіннен 42
о
С-ге дейін көтерілуі байқалады. Жануар қозғалмауға тырысады, алдыңғы аяқтарын 
алшақ ұстайды, мойынын созып, арқасын бүгіп, ауызын ашып тұрады. Тынысы тарылады, 
қабырғаларының арасы мен арқасын басқанда ауырсынады, жұрек соғуы дүрсілдеп, тамыры 
баяу соғады. Бастапқы кезде жөтел құрғақ, қысқа, қатты, кейіннен дыбысы бәсең, ылғалды 
болады. Танауынан сұйықтық ағады. Ауырған малдардың 70%-ы 2-4 аптада өлімге ұшырайды. 
Тірі қалған малдардың ауруы жітілеу немесе созылмалы түрге ауысады. 
Жітілеу түрінде аурудың барлық клиникалық белгілері айқын байқалады. Мал сирек 
жөтеледі, іші өтіп, дене қызуы көтеріледі. 
Созылмалы ағымында мал арықтайды, жөтеледі,оқтын-оқтын іші өтеді. Жөтелген 
кездеіріде ірімтіктелген іріңді сілекейлер шашырайды. Кейде төсінде, әукесінде, сирақтарында 
домбығулар байқалады. Ауру бірнеше айға созылып, мал көбінесе шығынға ұшырайды.
Атипті (субклиникалық) түрінде малдың ыстығы аз уақыт көтеріледі, әлсіденеді, азыққа 
тәбеті нашарлайды, оқтын-оқтын жөтеледі. Мұндай жануарлар сау жануарларға қауіпті болып 
келеді.
Патологоанатомиялық балауы. Өлекседегі негізгі өзгерістер көкірек қуысында байқалады. 
Көбінесе өкпенің біреуі ғана зақымданып, процесс соның ортаңғы немесе артқы бөлігінде 
шоғырланады. Өкпенің зақымдалған бөлігі томпайған, тығыздалған пневмония ошақтары 
көрінеді. Ондай ошақтарды кескен жағдайда мрамор тәрізді гепатизацияны, капсулалы 
некротикалық ошақтарды байқауға болады. Бронхиальды лимфа бездері ұлғайған, ісінген. 
Плевра жуандап, қатпарланған. Плевра қуысында көп мөлшерде сары түсті немесе фибрин 
талшықтарымен лайланған экссудат (5-30 л) жиналған болады. Толдердің буындары серозды-
фибринозды қабынады, тері асты клетчаткаларында қоймалжың инфильтраттар жиналады.
Дифференциалдық балауы. Ірі қара малдың контагиозды плевропневмониясын 
тейлериоздан, туберкулезден, пастереллезден, парагриптен, эхинококкоздан, жұқпалы 
ринотрахеиттен, 
бронхапневмония 
мен 
плевропневмониядан 
(екіншілік 
инфекция), 
травматикалық перикрдиттен
ажырату қажет.
Зертханалық балауы. Материалдарды алу және зерттеуге дайындау. Патологиялық 
материал ретінде зақымданған өкпе, көкірек қуысынан алынған экссудат, лимфа бездері және 
аурудың жіті ағымындағы және сауығып келе жатқан малдардың қан сарысулары алынады.
Қоректік орталарда өсіру. Зерттеуге алынған үлгілерден қоздырушыны бөліп алу үшін 
10-15%-ды ірі қара немесе жылқы қан сарысуы мен 10% ашытқы экстракты қосылған мартен 
сорпасына немесе агарына себінді жасап, 37-38
о
С-де өсіреді. Мартен сорпасында 
микроорганизмдердің өсуі 2-3-ші тәулікте байқалады. Мартен агарында дөңгеленген, шеттері 
тегіс, ортасы агарға сіңіп, қуырылған жұмыртқа тәрізді колонияларды түзіп өседі. Қан қосылған 


агарда α-гемолиз зонасын түзіп өседі.
Биосынама 6-8 айлық бұзауларға қойылады. Ауру малдардан алынған экссудатты немесе 
қоректік орталарда өсірілген өсінді суспензиясын 2-3 бұзау әукесінің тері астына, 
интратрахеальды немесе интраплевральды жолмен егіп, оларды 30 күн бойы бақылап отырады.
Ірі қара малдың контагиозды плевропневмониясының қоздырушысын анықтау үшін 
енжарлы гемагглютинация реакциясы және комплементті байланыстыру реакциясы 
қолданылады.
Серологиялық балауы. Қан сарысуының құрамындағы телімді антиденелерді анықтау үшін 
комплементті байланыстыру, диффузиялық преципитация, иммунофлуоресценция 
реакциясыны, иммунды ферменттік талдау және полимеразалық-тізбекті реакция қолданылады. 
ІРІ ҚАРАНЫҢ НОДУЛЯРЛЫ ДЕРМАТИТІ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет