- Анемия — бұл қанның белгілі көлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің мөлшерінің азаюымен сипатталатын, жиі эритроциттердің сапалық өзгерістерімен қабаттасатын жағдай (қалыпты жағдайда гемоглобин мөлшері (НЬ) еркектерде - 130-160 г/л; әйелдерде -120-140 г/л).
Анемиялардың жіктелу негіздері | | | - 1. Қансыраудан болатын н/е постгеморрагиялық;
- 2. Қан ыдырау артуынан болатын н/е гемолиздік;
- 3. Қан өндірілуі бұзылыстарынан болатын н/е дизэритропоездік анемиялар.
| - Сүйек кемігінде қан өндірілу түріне қарай
| - 1. Эритробластық н/е нормобластық;
- 2. Мегалобластық анемиялар.
| | - 1. Регенерациялық (ретикулоциттер – 0,2-1%);
- 2. Гипорегенерациялық (ретикулоциттер – 0,2% аз);
- 3. Гипоплазиялық н/е аплазиялық (арегенерациялық – ретикулоциттер – 0%).
| - Түстік көрсеткіші бойынша (ТК)
| - 1. Нормохромдық (ТК – 0,85-1,05);
- 2. Гипохромдық (ТК – 0,85 төмен);
- 3. Гиперхромдық (ТК – 1,05 жоғары).
| - Эритроциттер-дің орташа диаметрі бойынша
| - 1. Нормоциттік (7,2-8,0 мкм);
- 2. Микроциттік (7,2 мкм төмен);
- 3. Макроциттік (8,1-9,5 мкм);
- 4. Мегалоциттік (10-12 мкм үлкен) анемиялар.
| | - 1. Жедел;
- 2. Созылмалы анемиялар.
| Постгеморрагиялық анемиялар - Түрлері: жедел және созылмалы.
- Жедел постгеморрагиялық анемия себебі: бірден көп мөлшерде қан жоғалту.
- Даму сатылары:
- 1. Жасырын саты (қансыраудан кей-інгі бірінші тәулік-те байқалады)
| - Нормоцитемиялық гиповолемия (қан плазмасы мен эритроциттері бірдей азайған). Гематокрит, қанның бірлік көлеміндегі гемоглобин мен эритроциттердің мөлшері қалыпты.
| - 2. Гидремиялық саты (қансыраудан кейін 2-3 тәулік өткенде)
| - Олигоцитемиялық гипо- н/е нормоволемия. Қанның бірлік көлеміндегі гемоглобиндер мен эритроциттердің мөлшері азайған. ТК қалыпты. Тін аралық сұйықтың тамырға түсуі және бүйрек арқылы судың шығарылуы төмендеуі есебінен қан көлемінің артуы байқалады.
| - 3. Сүйек кеміктік саты (қансыраудан кейін 4-5 тәулік өткенде)
| - Эритропоэздің артуы байқалады. Шеткері қан суреті: ретикулоцитоз, полихроматофилия, нормобласттардың пайда болуы; ТК – 0,85 жоғары; ядролық солға ығысқан нейтрофильдік лейкоцитоз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |