- - қан ағу нәтижесінде дамитын және айналымдағы қан көлемінің азаюымен сипатталатын күрделі патологиялық үрдіс.
- Қансырау себептері:
- 1. Жүректің немесе тамыр қабырғалары тұтастығының бұзылуы
- 2. Тамыр қабырғалары өткізгіштігінің тым жоғарлауы
- 3. Қан ұюдың төмендеуі
Қансыраудың ауырлығы мен соңына әсер ететін жағдайлар: - Қансыраудың ауырлығы мен соңына әсер ететін жағдайлар:
- 1. Жоғалған қан көлемі:
- қан көлемінің 10% дейін жоғалуы гемодинамиканың өзгеруіне әкелмейді;
- 15-22 % дейін жоғалту – шартты түрде жеңіл түрі болып саналады;
- 25-35 % дейін – орташа түрі;
- - қан көлемінің 40-50% жоғалуы — ауыр қансырау;
- - жалпы қан көлемінің 50% көп жоғалуы — өлімге әкеледі.
- 2. Қан жоғалту жылдамдығы.
- 3. Қансырауға дейінгі организмнің бастапқы жағдайы:
- - инфекциялық аурулар, ашығу, эндокриндік бұзылыстар, гипокинезия, иондық радиация әсері жағдайларында қансырау ауыр өтеді.
- 4. Организмнің реактивтілігі (жынысы, жасы):
- - балалар үшін қансырау өте қауіпті
- - әйелдер ерлерге қарағанда қансырауға біршама тұрақты.
Жедел қансырау патогенезі: 1. бастапқы саты 2. Икемделістік саты – бұл кезде компесаторлық механизмдер 3 фазада іске қосылады: - 2. Икемделістік саты – бұл кезде компесаторлық механизмдер 3 фазада іске қосылады:
- 1 – тамырлық-рефлекторлық фаза, бұл кезде 8-12 сағат ішінде жедел дамитын компенсация механизмдері іске қосылады:
- 1. Шеткері тамырлардың рефлекстік спазмы; Симпатоадре-
- 2. Жүрек жиырылуының жиілеуі және күшеюі; налдық жүйе-
- 3. Қанайналымның орталықтануы, қанның нің белсенуі
- қордан шығуы;
- 2 – гидремиялық фаза механизмдері қансыраудың 1-2 тәуліктерінде дамиды:
- 4. Тін аралық сұйықтықтардың тамырларға түсуі және бүйрек түтікшелерінде судың реабсорбциялануының жоғарлауы (альдостерон мен АДГ мөлшерінің артуы);
- 5. Тыныс алудың жиілеуі мен тереңдеуі;
- 6. Қан ұюдың жоғарлауы;
- 7. Оксигемоглобин диссоциациясының күшеюі.
- 3 – сүйек-милық фаза, бұл кезде, қансыраудың 4-5 тәуліктерінде баяу дамитын механизмдер іске қосылады:
- 1. Гемопоэздің белсенуі (гипоксия эритропоэтин синтезінің артуы эритропоэтин сезімтал жасушаларға әсері эритропоэздің жоғарлауы);
- 2. Қансыраудан 8-10 күн өткенде қанның белоктық құрамының қалпына келуі (бауырда қан белоктары синтезінің артуы).
- 3. Ақтық саты – компенсация механизмдері жеткіліксіздігі, өлім дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |