В12 витамин тапшылықтық анемиясы - Себептері:
- Кастлдың ішкі факторы – гастромукопротеиннің түзілуінің бұзылуы (асқазанның париетальдық жасушаларының атрофиясы, асқазан резекциясы, гастромукопротеин синтезінің гендік ақауы, асқазан жасушаларының антиденелермен зақымдануы);
- ащы ішектегі сіңірілуінің бұзылуы;
- жүктілік, лактация кезінде жұмсалуының артуы;
- ішектерде жалпақ құрттар болғанда;
- бауыр зақымдануы кезіндегі деполануының бұзылуы;
- витаминнің тағаммен жеткіліксіз түсуі.
- Патогенезі: В12 витамин тапшылығы
- метилкобаламиннің дезоксиаденозилкобаламиннің
- тетрагидрофолий май қышқылдарының синтезінің
- қышқылы түзілуінің бұзылуы
- ДНК синтезінің бұзылуы миелин түзілуінің бұзылуы
- эритроциттердің бөлінуі АІТ жасушаларының жұлынның артқы
- мен пісіп жетілуінің пролиферациясының ж/ә бүйір мүйіз-
- бұызылуы бұзылуы інің дегенерациясы
- қан өндірудің асқазан, ішек кілегей фуникулярлық миелоз
- мегалобластық түрі қабаттарының атрофиясы, (парестезия, жүруінің
- Гюнтер глосситі бұзылуы, ауырсыну)
- нәтижелі емес эритропоэз эритроцит өмірінің қысқаруы анемия дамуы.
- Қан суреті: анизоцитоз, пойкилоцитоз, гиперхромия, мегалоциттер мен мегалобластардың пайда болуы, Жолли денешіктері және Кабо сақинасы бар эритроциттердің болуы, ретикулоциттердің азаюы, лейкопения, полисегментацияланған алып нейтрофилдердің пайда болуы, тромбоцитопения.
- Сипаттамасы:
- қан өндіру түрі бойынша – мегалобластық;
- сүйек кемігі қызметі бойынша – гипорегенерациялық;
- түстік көрсеткіш бойынша – гиперхромдық
- эритроциттердің диаметрі бойынша – мегалоциттік.
| | - Фанкони анемиясы: қан өндіруші жасушалардың кемістігі;
- Даймонд Блэкфан анемиясы: тек эритропоэдің гендік ақауы нәтижесінде дамиды.
| - сүйек кемігіне экзо- және эндогендік факторлардың әсер етуінен дамиды:
- - физикалық (иондағыш радиация);
- - химиялық (бензол, пестицидтер, ауыр металл тұздары, бояғыштар, дәрілік заттар – цитостатиктер, сульфаниламидтер және т.б.);
- биологиялық (вирустар, бактериялар);
- аутоантиденелер, иммундық кешендер;
- созылмалы анемия кезіндегі сүйек кемігінің тозуы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |