Павлодар, 2012. Құрастырған мұғалімдер



бет11/14
Дата30.03.2024
өлшемі61.25 Kb.
#497053
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
4 сынып.

19-сабақ: Конституция күні


І-тапсырма: Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқы.

Конституция күні


Конституция – әлемнің барлық елдерінде негізгі заң болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы да Қазақстан мемлекетінің ең басты Ата Заңы. Бұл Ата Заң 1995 жылдың 30 тамызында бүкіл халықтың дауыс беру жолымен қабылданған болатын. Ата Заң қабылданған күн- «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» деп белгіленіп мемлекеттік мереке болып жарияланды.




ІІ-тапсырма: Сұрақтарға жауап бер:

  1. Конституция ел заңына жата ма?

  2. Ата Заң қай жылы қабылданды?

  3. Конституция күні қай күн?

  4. Ата Заң мереке күні болып санала ма?



ІІІ-тасырма:
1. Жаңа сөздерді оқып, олардың әрқайсымен сөз тіркестерін құрастыр.

  1. Жасаған сөз тіркестеріне 2 сөйлем құрастырыңыз.

әлемнің – всемирный


заң – закон
дауыс беру – проголосовать
қабылданған – был принят
жариялау – опубликовать
20-сабақ: Спорт. Менің сүйікті спортшым

Азиада
І-тапсырма: «Азиада» туралы мәліметті тыңда, қойылған сұрақтарға жауап бер.




ІІ-тапсырма: Мәтінді оқып, талда.

Бірнеше жылдан бері тағатсыздана күткен күніміз де келіп жетті. Астанадағы «Астана-Арена» жабық стадионында Азия ойындары салтанатты жағдайда ашылып, әл-Кувейт қаласынан бастау алған Азиада алауы алып аренада орнатылған ойынның бас қазандығында тұтанды.


Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы атынан ҮІІ қысқы Азия ойындарына қатынасатын барша қауымды шын ықыласпен құттықтады. Әлем халқының тең жартысы мекендейтін Азия құрылығындағы бұл дүбірлі жарыс биылғы жылдың ең үлкен спорт мерекесі екендігін айтып, жанкүйерлерге қызықты көріністермен жақсы әсерлі сезім тіледі.


ІІІ-тапсырма: Жаңа сөздермен таныс.
Тағатсыздана – с ожиданием
Қысқы ойындар – зимние игры
Бас қазандығына – в главный котел
Жанкүйерлер – болельшики
Азия құрылығында – на материке Азии
ІҮ- тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

  1. Азиада Қысқы ойыны қайда өтті?

  2. Азиада алауын қай жерден әкелді?

  3. Азиадаға қатысқан спортшыларды кім құттықтады?

  4. Жанкүйерлерге не тіледі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет