Павлодар, 2012. Құрастырған мұғалімдер


-сабақ: Халықаралық балаларды қорғау күні



бет10/14
Дата30.03.2024
өлшемі61.25 Kb.
#497053
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
4 сынып.

17-сабақ: Халықаралық балаларды қорғау күні


І-тапсырма: Мәтінді тізбектей оқыңдар.

Халықаралық Балалар күні


Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, мейрамдардың бірі болып аталады.


Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі пікірлердің тоғысқан арнасы. Осы мереке әсіресе өмірде қиын жағдайға душар болған балаларға: мүгедек, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы, толық емес және мүгедектер отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға бірігіп қолдау көрсетуге бағытталған.


ІІ – тапсырма: Мәтінге сүйене отырып, төмендегі сұрақтарға жауап бер.
1. Балаларды қорғау күні қай күн?
2. Балаларды қорғау күні деп неге атаған?
3. Осы мереке әсіресе кімдерге арналған?
4. Осындай балаларға нендей көмек көрсетеді?
ІІІ-тапсырма: Жаңа сөздерді жатта.
қорғау күні – день защиты
болашақ ұрпаққа – будущему поколению
тәрбие беру – дать воспитание
қамқорлығынсыз – без защиты
көпбалалы – многодетные
мүгедектер – калеки

  1. сабақ: Астана күні



І-тапсырма: Мәтінді тізбектей оқыңдар, аударыңдар.
Астана күні
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Мерекелер туралы» заңға толықтыру ретінде Заң жобасын мақұлдап шілденің 6-сы Астана күні жаңа мемлекеттік мереке болып белгіленген.
Мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі.
Астана қаласы – Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан.


І-тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.



  1. «Мерекелер туралы» заңды немен толықтырды?

  2. Астана күнін қай күні тойлаймыз?

  3. Астана қаласы қай жерде орналасқан?

  4. Бұл жердің ауасы қандай?

  5. Астана қандай қала?



ІІ- тапсырма: Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап ал.

мемлекеттік мереке – государственный праздник


аты әлемге әйгілі – известно всему миру
ауа – воздух
зәулім ғимараттар – высотные здания
орналасқан – расположен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет