Ү тапсырма: «Менің мектебім» тақырыбына монолог құрастыр.
23-сабақ: Мектеп өмірі туралы пікірлесім
І тапсырма:
Сұрақтарға жауап бер:
-Сендер қай мектепте оқисыңдар?
-Сынып жетекші кім?
-Сынып қай қабатта орналасқан?
-Сендерге мектеп ұнай ма?
Жаңа сөздермен танысып, дәптеріңе көшіріп жаз.
Мектеп өмірі – школьная жизнь
Менің ойымша – я думаю
Пікір – мнение
Өте – очень
Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыр.
Үлгі: Мектеп. Мектеп өмірі. Мектеп өмірі қызық. Мектеп өмірі өте қызық.
ІІ тапсырма:
Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып жаз.
Мұғал...м, саба.., с...рет, өле..., қабыр...а, та...та, дыбы...с.
Сөздерді буынға бөл.
Әріп, оқушы, мектеп, кітап, асхана, сынып, ұстаз, дәптер.
ІІІ тапсырма:
Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.
Алдым, қалам, мен. Келдім, мен, мектепке. Сыныпта, төртінші, мен, оқимын. Кітапханада, бүгін, болдым, мен.
Сөздердегі дауысты дыбыстарды сыз.
Көше, білім, өмір, мектеп, дарынды, үйірме, қағаз, сызғыш.
ІҮ тапсырма:
Мектеп өмірі туралы әңгіме құрастыр.
24-сабақ: Кітапханада
І тапсырма:
1. Сұрақтарға жауап бер.
-Біздің мектепте кітапхана бар ма?
-Сендер кітапханаға барасыңдар ма?
-Кітапханашы кім?
-Қандай кітап аласыңдар?
2. Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта.
Сөре – полка
Ертегі – сказка
Қоры – фонд
Жақсы көреді – нравится, любит
Келді – пришел
Жаңа сөздерді сөздік дәптеріңе жаз.
Жаңа сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастыр.
ІІ тапсырма: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Кел, балалар, оқылық!
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнын
Іздемей-ақ табылар.
(Ы.Алтынсарин)
2. Мақал-мәтелдерді дәптеріңе жаз.
Білім – қымбат, білу – қиын.
Кітап – білім бұлағы.
Берілген сөздерді реттеп қойып сөйлемдер жасауы керек:
Үлкен, кітапхананың, қоры.
Онда, бар, оқу, залдары.
Болады, адам, көп, кітапханада, бұл.
Достарыңызбен бөлісу: |