Педагогика факультеті мамандық: 5В010100-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу академиялық дәреже: Мектепке дейнгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры



бет7/116
Дата04.03.2016
өлшемі9.06 Mb.
#41143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116

Постреквизиттері: Тіл мәдениеті және сөйлеу техникасы, Педагогика тарихы, Этнопедагогика.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Болашақ бастауыш мектеп мұғаліміне ойлау дәрежесінің биіктігі мен сөйлеу шеберлігінің шыңы – шешендікті үйренудің болмыс-бітімін ғылыми түрде таныту. Аңыз әңгімелер мен ертегілердегі шешендік сөздер. Мақал-мәтел, жұмбақтар, олардың тіл ерекшеліктері. Билер сөзі, оның өзіндік сипаты. Шешендік өнердің түрлері. Шешендік өнерге баулу, шешендік мектеп, шешендік дәстүр, сөйлеу мәдениеті.

Курстың мақсаты: Білімгерлерге қазақ халқының шешендік өнерінен жүйелі білім беру. Болашақ педагогикалық кәсіптерінде оқушыларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда теориялық және тәжірибелік, кәсіптік білім, білік, дағдыларын меңгерту.

Курстың міндеттері:

-шешендік өнердің қалыптасу тарихымен таныстыру

-шешендік сөздің түрлерін, әрқайсысының мазмұнын беретін сөз қолданыс ерекшеліктерін дамыту

-білімгерлердің әдеби тіл нормасын, шығармашылық ойлау операцияларын қолдана лау дағдыларын қалыптастыру.



Негізгі әдебиеттер:

1.Адамбаев Б. Халық даналығы.- Алматы, 1993

2.Адамбаев Б.Қазақтың шешендік өнері.- Алматы, 2005

3.Қазақтың би-шешендері/ Жинақ.- Алматы, 2005



Қосымша әдебиеттер:

1.Адамбаев Б. Алтын сандық.-Алматы, 1992

2.Тұманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері.-Алматы,1993

3.Ысқақов Б. Асыл сөз.-Алматы,1987

4.Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті.-Алматы, 1991

Оқыту тілі: қазақ

Бағдарламаның жетекшісі: Кенжебаева З. – аға оқытушы.

Мектепалды даярлықтың психологиялық-педагогикалық негізі. (Психолого-педагогические основы предшкольной подготовки. Psychological and pedagogical bases of ungraded school)

Пререквизиттер: 6 жасар балалардың даму физиологиясы және гигиенасы, жас ерекшелігі және педагогикалық психология.

Постреквизиттер: Балалар психологиясы, 6 жасар балалардың даму психологиясы, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі, мектепалды даярлықтың психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

Бағдарламаның қысқаша курсы: 6 жасар балалардың тұлғалық дамуының психологиялық себеп салдарын айқындаудың тиімді әдістері мен әдістемелерін меңгеруі қамтамасыз етіледі және олардың тұлғалық қалыптасуының жағымды педагогикалық шарттарын ұйымдастырудың баламалы әдістемелері үйретіледі; мектепалды даярлықтың психологиялық-педагогикалық диагностикасының түрлі тесттік бағдарламалары мен әдістемелері оқытылады..

Курстың мақсаты: Болашақ бастауыш мектеп мұғаліміне 6 жасар балалардың мектепалды даярлығын қалыптастырудағы әлемдік және отандық психологиялық және педагогикалық диагностикалау әдістері үйретіліп, олардың қолдану аясы көрсетіледі.

Курстың міндеттері: -мектепалды даярлық мазмұнында 6 жасар балалардың жас ерекшелігіне сәйкес дамуының психологиялық негіздері айқындалынады;

-6 жасар балалардың мектепалды даярлығын қалыптастырудың диагностикалық зерттеу әдістері мен технологиялық тәсілдері таныстырылады;

-мектепалды даярлықты қалыптастырудағы болашақ мұғалімнің оқу қызметіндегі диагностикалық әдістерді қолдану іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.В.Немов Психология. 3 книга.- М., 2000

2.Ф.Байзакова Диагностикалық әдістер мен тесттер.- Тараз, 2005

3.И. Зимняя Педагогическая психология.- М., 2002

4.Анастази А. Психологическое тестирование.- М., 1991

Қосымша әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев Жалпы психология негіздері.-Алматы, 1986

2.Қасымова Г.М. Развиваюшие игры диагностики и коррекции психического развития детей дошкольного возраста.- Алматы, 2000

3.Н.Кулагина Возрастная психология.- М., 2000

4.Диагностика умственного развития дошкольника/ Под ред. Л.В.Венгера-М., 1997

Бағдарламаның жетекшісі: аға оқытушы Қасымов М.Р., Нурпейсов М.К.

Мектептану . (Школоведение. School Organization and Management)

Пререквизиттер: «Қазіргі инновациялық технологиялар», «Тәрбиенің жаңа педагогикалық концепциялары», «Білім берудің жаңа бағыттылығы және оқу-тәрбие мекемелеріндегі жұмыс түрлерін ұйымдастыру», т.б.

Пәннің постреквизиті: «Педагогика» (дидактика, тәрбие теориясы), «Педагогика тарихы», «Педагогикалық шеберлік», «Мектептегі білім беру мекемелердің қазіргі дамуындағы әдістемелік ұйымдастыру жолдары», т.б.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Аталған пәнді оқыту –болашақ педагог мамандарды кәсіби біліктілігіне даярлаудағы мектеп құрылымының жүйесіне ғылыми-педагогикалық тұрғыда көзқарастар қалыптастыру және мектеп мекемесінің ішкі құрылымдық өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру. Сондай-ақ мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және оқушылар мен мектеп мұғалімдері ұжымының жасайтын жұмыс түрлерімен таныстыру. Мектеп өмірінің жұмыстарын жоспарлау, тәрбие мен білім беру ісін жүзеге асыру жолдары, педагогикалық тәжірибелермен танысу, жинақтау, тарату т.б. бағыттағы педагогикалық іс-әреттерді ұйымдастыруға үйрету. Сонымен бірге, қазіргі заман талабына үйлесімді оқушыларға берілетін білім мазмұнын сай мектеп жұмысында теория мен әдістемені ұштастыра білуге үйрету болып табылады.

Мектеп тәжірибесіндегі педагогикалық үдерістерді басшылыққа ала отырып, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге арналған бағдарламалар мен түрлі инновациялық үлгідегі жаңа жобаларды, әдістемелерді үйрету және мектеп басқарудың жолдары мен әдістерін ғылим-педагогикалық тұрғыдан қарауға, мектеп мұғалімнің қызметіне ерекше мән беріп бағалауға, жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарының мазмұнына ұлттық тәлім-тәрбие мұралар үлгілерінің енгізу мәселелерін қамтиды.



Курстың мақсаты: «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы білімгерлерінің білім беру ортасын басқарудың теориялық негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету

Курстың міндеттері:

- менеджмент негіздерін оқыту, мектеп менеджерінің қызмет сферасының мазмұнын көрсету;

- педагогикалық менеджмент негізі бойынша болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің іскерлігін, дағдысын қалыптастыру;

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қоянбаев Р.М., Қарабаева А.М., Тотанова А.С. Педагогичес кий менеджмент и управление и управление в современной школе.-Алмыты, 2005

2.Каракулов К.Д. Управление общеобразовательной школы в условиях демократизации общества.- Алматы, 2004

3.Баймолдаев Т.М. Менеджмент как метод управления современной школы.- Алматы, 1996



Оқытудың тілі: қазақ және орыс

Бағдарламаның жетекшілері: п.ғ.д., профессор Ыбыраимжанов Қ.Т., п.ғ.к., профессор Бегалиев Т.Б.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнері және еңбекке баулуды оқыту әдістемелерінің тарихы. (История методики преподавания изобразительного искусства и трудового обучения в начальной школе. History of methods of teaching of art-picture and a work in elementary school)

Пререквезиттер: «Қазіргі инновациялық технологиялар», «Білім берудің жаңа бағыттылығы және оқу-тәрбие мекемелеріндегі жұмыс түрлерін ұйымдастыру», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі», «Еңбекке баулу әдістемесі» т.б.

Постреквезиті: «»«Педагогика тарихы», «Педагогикалық шеберлік», «Мектептегі білім беру мекемелердің қазіргі дамуындағы әдістемелік ұйымдастыру жолдары», т.б.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Курстың мазмұны мен құрылымы студенттердің пәні бойынша теориялық білімдерді меңгерудің болашақ кәсіби іс-әрекетінде алған білмдерін тәжірибеле қолданудың біліктері мен дағдыларын пайдалануды қарастырады. Аталған пәнді оқыту –болашақ педагог мамандарды кәсіби біліктілігіне даярлаудағы бастауыш мектептің құрылымының жүйесіне ғылыми-педагогикалық тұрғыда көзқарастар қалыптастыру және мектеп мекемесінің ішкі құрылымдық өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру. Сондай-ақ мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және оқушылар мен мектеп мұғалімдері ұжымының жасайтын жұмыс түрлерімен таныстыру. Бейнелеу өнері және еңбекке баулу пәндерінің оқу әдістемелері бойынша жұмыстарды жетілдіруді жоспарлау, озат педагогикалық тәжірибелермен танысу, жинақтау, тарату т.б. бағыттағы педагогикалық іс-әреттерді ұйымдастыруға үйрету. Сонымен бірге, қазіргі заман талабына үйлесімді оқушыларға бейнелеу өнері және еңбекке баулудың әдістемесінің тарихынан берілетін білім мазмұнын мектеп жұмысында теория мен әдістемені ұштастыра білуге үйрету болып табылады.

Курстың мақсаты: болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерді даярлау үдерісінде бейнелеу өнері және еңбекке баулу пәндердің оқыту әдістемесінің тарихын пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыру.

Курстың міндеттері:

-бейнелеу өнері және еңбекке баулу әдістемесінің қалыптасу және даму кезеңдеріне жіктемелік талдау жасау;

-бейнелеу өнері және еңбекке баулу әдістемесінің дидактикалық негіздерін таныту;

-әрбір тарихи кезеңдердегі әдістемелік еңбектерге талдау жасай білудің әдістерін меңгерту;

-бейнелеу өнері және еңбекке баулу әдістемесінің тарихындағы түрлі өзгеру тенденцияларын оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Еңбекке баулу оқулықтары. Алматы, 2005-2010

2. Бейнелеу өнері оқулықтары. Алматы, 2005-2010

3. Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту -Алматы, «Мектеп», 1975.

4.Рожнев Я.А. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских.- М., 1988

5. Сәтканов О.С. Еңбекке баулу әдістемесі.(1-4 кл.).-Алматы,2008



Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Астана, 2009

2.Бейнелеу өнері пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы. Алматы. 2009

3.Еңбекке баулу пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы. Алматы. 2009

4. Бозжанова К. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру. Алматы, «Мектеп», 1989.

5. Трудовое обучение и метолика его преподавания в начальной школе. М., 2008



Оқытудың тілі: қазақ және орыс

Бағдарламаның жетекшісі: Қасымов М.Р. – аға оқытушы.

Қазақстан Республикасында көптілділік тұлғаны қалыптастыру. (Формирование полингвальной личности в РК. Formation of polilingual personality in Republic of Kazakhstan ).

Прекреквизиттер:Қазақ және орыс тілі мен әдебиетінің мектеп курсы.

Постреквизиттер: Курстан алған білім, қазақ және орыс тілдерін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша әдет-дағдыларын қалыптастырып, базалық білімін жетілдіреді.

Пәннің мақсаты - білімгерлерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, жиі кездесетін тілдік лексиканы, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету

- қазақ, орыс тілдеріндегі көптілді педагог кадрларды дайындауға бағыттау;

- қазақша, орысша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру;

- күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;

- әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;

- теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;

- монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын қалыптастыру;

- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;

- ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стильдердің қолданылу жағдайларын айыра білуге үйрету.

Пәннің міндеті - білім саласының әр түрлі салалары бойынша терминдерді игеру жолдарын қалыптастыру, пікірлесуге, әңгімелесуге, мазмұндауға, көркем оқуға, сауатты жазуға, өмірден мол мағлұмат беруге үйрету.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:


  1. М.Балақаев. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту.

  2. Мараковская, Тәжімұрат. Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы грамматикасы.

  3. Терминқор қалыптастыру көздері мен термин жасам тәсілдері.Астана-2005ж.

  4. Т.К.Қазыбек. Аударматануға кіріспе. А.,2004ж.

  5. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас.А.,2005ж.

  6. Практический курс русского языка. Л.К. Жаналина, М.Ш. Мусатаева. Алматы, 2005

  7. Учебное пособие «Республика Казахстан» С.А. Мамекбаева и др. Алматы, 1991 г

  8. Словари. С.И. Ожегов и др.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Г.Шалқарова. Салыстырмалы грамматика. А., 2007ж.

  2. А.Омарова. Қазақша сөйлеу этикеті. Астана, 2006ж.

  3. Мемлекеттік тіл және аударматанудың өзекті мәселелелрі. Астана, 2011ж.

Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі .

Оқытушылардың аты-жөні:

  1. Мыңайдарова Мария Естайқызы

  2. Уралбекова Әлия Әрпішқызы

  3. Естаева Тоқжан Естайқызы

  4. Мыханова Жанар Бахытқызы

  5. Тәженова Гүлсара Серікқызы

  6. Шаханова Эльмира Аманжолқызы

  7. Мұқашева Алшагүл Меделханқызы

  8. Қалматаева Бақыткүл Мәмбетбайқызы

  9. Құттымұратова Назым Алиевна

  10. Сарсембаева Айгүл Асанқызы.



Қазақстан Республикасында және әлемде көптілді білім беру. (Полилингвальное образование в Республике Казахстан и мире. (Polylingval Education in the Kazakhstan and the wold)

Пререквизиты: Введение в языкознание

Постреквизиты: Общее языкознание, Лингвокультурологический анализ художественного текста

Основное содержание дисциплины:

Цель дисциплины – изучение становления и развития полиязычного образования в Республике Казахстан в контексте мирового образовательного пространства; приобщить будущих педагогов новой формации к ценностям мировой культуры средствами нескольких языков

Закон Республики Казахстан «О языках». Концепция культурной дипломатии. Программа ООН «Образование для всех на протяжении всей жизни». 22 сентября – День языков народов Казахстана.

Основные постулаты полилингвального образования.

Сопоставительный анализ принципов удачной полилингвальной политики в ведущих зарубежных странах (Франция, Швейцария, Канада, Германия, США). Диалог языков и культур на пути к демократическому обществу.

Языки в контакте и идентичность. Тесная связь языкового сознания и ментальности народов и мультикультуризма. Язык и этическая идентичность. Интеграционность языкового сознания при идентификации стереотипов национального характера. Языковая идентичность и трансформирующееся общество. Политизация этничности и языковой вопрос. Казахский и русский языки в процессе гражданской идентификации.

Инновационные методы изучения проблемы полилингвального обучения. Основные формы и средства электронного обучения применительно к полиязычному образованию.

Международный конкурс «Европа в школе».

Задачи дисциплины:

- дать студентам понятие «полилингвальное образование»; раскрыть содержание пяти полилинвальных моделей, показать их роль в формировании личности специалиста и в будущей профессиональной деятельности.

- способствовать развитию у студентов стремления к активному саморазвитию по овладению языков и участия в международных программах.

Список литературы:

Основная литература:

1. Видт И.Е. Образование как феномен культуры: Монография. Тюмень: Печатник, 2006. – 200 с.

2. Межкультурная коммуникация. Теория и тренинг / Ю.Рот, Г.Коптельцева. – М.: Юнити-Дана, 2006. – 223 с.

Дополнительная литература:


  1. Красных В.В. Основы психолингвистики и теории коммуникации. – М.: Гнозис, 2001.

  2. Павлова Л.П., Шацкая А.В. Взаимосвязь межкультурной коммуникации и толерантность в процессе обучения иностранным языкам // Успехи естествознания. – М., 2007. - № 3. – С. 40 – 53.

Язык обучениярусский

Руководитель проекта: Абдрахман Г. К., Подлесная О.Ю., Белоус Е.Н.;

Қазақстан құқығы. (Казахстанское право. Kazakhstan right )

Пререквизиттер: мектептегі Қазақстан тарихы, адам және қоғам, құқық негіздері.

Постреквизиттер: Алған білім құқық негіздері, заң жүйесі, заңдық сараптамалар жасауға, құқық негіздері, мемлекет және құқық негіздері теориясы курсын игеруге көмектеседі.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Білімгерлер заң жүзiнде бiлiктi болу үшiн заң ұғымын, мемлекеттiк органдардың құқықтық мәртебесi туралы құқықтық заңдарды, заңдарды дұрыс қолдануды және өзiнiң конституциялық құқықтары мен мiндеттерiн бiлуi қажет. Конституциялық, еңбек және жанұя құқықтары бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн бiлуi тиiс.

Мақсаты: Мәдениеттің ғылым ретіндегі негізгі проблемалары, теориясы, мәдениеттің қалыптасуы туралы жүйелі түрде білім беру.

Курстың міндеті: ҚР-ның мемлекеттiк құрылысының ерекшелiктерiн және құқық жүйесiн көрсету. Студенттердi ҚР-ғы мемлекеттiк билiктiң жүйесiмен, құқықтың қайнар көздерiмен таныстыру, ҚР-ның билiк сатыларын ажырата бiлуге, еңбек қатынастарын құқықтық реттеу ерекшелiктерiн көрсетiп, еңбек жалақысы, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын бiлуге. ҚР-ның заңдарының ерекшелiктерiне түсiнiк беру, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiктерi мен әрекет қабiлеттiгi қатынасын реттейтiн, жеке меншiк құқығы, кәсiптiк қызмет, мұрагерлік құқық, неке және отбасы қатынасын реттеу, ҚР-ның қылмыс заңдылығын түсiндiру, қылмыс және жаза түрлерiне сипаттама беру.

Қолданылатын әдебиеттердің тізімі

Негізгі әдебиет

Негізгі әдебиеттер.

1. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы. Алматы:Жеті жарғы, 2006 ж.

2. Сапарғалиев Г.С. ҚР Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 1998 ж.

3. Баққұлов С. Құқық негіздері. Алматы, 2004 ж.

4. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Алматы.Болашақ. 2002 ж.

5. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. ҚР құқық негіздері. Алматы.Жеті жарғы. 2003 ж.



Қосымша әдебиеттер.

1. Таранов А.А. “Административное право”, Алматы 1998ж

2. Еңбек құқығы. ҚР еңбек туралы заңындығы жеке келiсiм шарт (2000ж.)

2. ҚР еңбек туралы заңына нұсқама (2000ж.), 1,2-тарау

3. ҚР неке және отбасы заңы (1998ж.), 1, 2 тарау

4. ҚР азаматтық кодексi, (1995ж.)

5. ҚР қылмыстық кодексi (1998ж.), 1, 2 тарау

6. Сапарғалиев С. ҚР Конститутциясының түсінігі. Алматы 1998ж.

7. Таранов А.А. ҚР Әкімшілік құқығы. Алматы 1998 ж.

8. ҚР Еңбек туралы заңы. 2000 жыл.

9. ҚР Азаматтық кодексі. 1995 жыл.

10. Стамқұлов А.С. ҚР экологиялық құқығы. Траз.2003ж.



Оқыту тілі: қазақ, орыс

Бағдарлама жетекшісі: п.ғ.к., доцент Тойганбекова, с.ғ.к. аға оқутышы Абилова А.Б.

Акмеология негіздері. (Основы акмеологии. Akmeology bases)

Пререквизиттер: әлеуметтік психология, психологиялық-педагогикалық іс-әрекетке кіріспе

Постреквизиттер: жаңа тұрпатты психологтың кәсіби құзыреттілігі

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Пән акмеология саласында негізгі акмеологиялық зерттеулер мен оның қазіргі жай-күйі жайлы студенттердің білімін кеңейтуге бағытталған

Пәннің мақсаты:

- Психология мен оған сабақтас ғылымдар жүйесінде адамның психикалық және кәсіби дамуы жайлы білімдерін жинақтау және жалпылау;

- диагностика, коррекцияны психологиялық-акмеологиялық қамтамасыз ету түрлі теориялар мен әдістерге бағытталу.

- маманның кәсіби мәнді қасиеттерін оңтайландыруды қамтамасыз ету.



Пәннің міндеттері:

- студенттерді дамытудың міндеттер тобын анықтау, оларды диагностикала, жүйелеу және талдау, міндеттердің әр тобына қатысты перспективті шешімдер қабылдау;

- арнайы білім беру жағдайында қолданылатын міндеттердің әр тобын шешу тәсілдерін жобалау;

- акмеологияның пайда болуының негізгі ғылыми алғышарттарын оқыту;

- акмеологиялық заңдар, заңдылықтар, әдістер мен технологияларын оқыту;

- табысты дамудағы адамды тұлға және маман ретіндегі сипаттамасын анықтау;



Негізгі әдебиеттер:

1. Разина Н.А. Акмеологический подход к развитию профессионализма современного педагога. –М., 2010.

2.Акмеология. Учебник под общ.ред. Деркача А.А.- Москва: РАГС, 2002

3.Кузьмина Н.В., Пожарский С.Д., Паутова Л.Е. Акмеология качества профессиональной деятельности специалиста.-СПб, Коломна, Рязань, 2008



Қосымша әдебиеттер:

1. Бранский В.П., Пожарский С.Д., Паутова Л.Е. Социальная синергетика и акмеология. Теория самоорганизации индивидуума и социума.-СПб, 2001

2.Ильин В.В., Пожарский С.Д. Философия и акмеология. -СПб: Политехника 2003

Оқыту әдістері: рефлексия, дәстүрлі әдістер, тренингтер.

Оқыту тілі: қазақ, орыс тілі.

Бағдарлама жетекшісі: Оралымбетова Г.У., Бизақова Ф.А.

Қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі тарихы. (История методики преподавания казахского (русского) языка. History of methods of teaching Kazakh language in elementary school)

Пререквизиттері: Қазіргі қазақ тілі, Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы

Постреквизиттері: Педагогика тарихы, Шағын комплектілі мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы және оның даму кезеңдері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жан-жақты негізделі жылдары. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер.

Курстың мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму кезеңдері мен оның тарихи мазмұны туралы білім негізін қалау. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жан-жақты негізделу жылдарын ашып көрсету және жаңа бағыт, жаңа ізденістердің маңыздылығын көрсету.

Курстың міндеттері:

-қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму кезеңдеріне жіктемелік талдау жасау;

-қазақ тілін оқыту әдістемесінің дидактикалық негіздерін таныту;

-әрбір тарихи кезеңдердегі әдістемелік еңбектерге талдау жасай білудің әдістерін меңгерту;

-қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзгеру тенденцияларын негіздеу.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту -Алматы, «Мектеп», 1975.

2.Рахметова С.Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы, 2005

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Астана, 2009

2. Қазақ тілін оқыту әдістемелері(1-4 сыныптар).- Алматы, 2008

3. Мейірманова Т. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.- Тараз, 2011

4. Бозжанова К. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру. Алматы, «Мектеп», 1989.

Оқытудың тілі: қазақ және орыс

Бағдарламаның жетекшісі: Абдрасилова Г.Л. – аға оқытушы, Мерщиёва Г.А. – аға оқытушы.

Көркем мәтінге тілдік талдау жасау әдістемесі. (Методика лингвистического анализа художественного текста. Methods Language analysis on art text)

Пререквизиттері: қазіргі қазақ тілі, жаңа балалар әдеби ағымы, балалар әдебиеті, шешендік өнерге баулу әдістемесі.

Постреквизиттері: Қазақ тілін оқыту теориясы және технологиясы, қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі, педагогикалық шеберлік.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Оқу өнерінің негіздері. Сөйлеу техникасы. Орфоэпия. Оқу логикасы (дауыс ырғағы - интонация, логикалық кідіріс, логикалық екпін, логикалық әуен). Көркем шығарманы мәнерлеп оқуға дайындау. Прозалық көркем шығармаларды оқуға дайындау. Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу, ертегі айту. Өлеңдер мен мысалдар оқу. Әңгіме оқу. Көркем шығарманы кейіпкерлендіру (инсценнировкалау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет