Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады


Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа



бет3/101
Дата26.09.2023
өлшемі0.84 Mb.
#478627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғыл-emirsaba.org

Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа :
1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады;
2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;
3. Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.

3. Педагогикалық зерттеудегі эксперимент әдісі, негізгі түрлері. Педагогикалық эксперименттің алдында тұрған негізгі міндеттер. Оның түрлері және кезеңдері.

Педагогикалық эксперимент – алдын ала зерттеу мақсаты белгілі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс – тәсілдерін, формалары мен мазмұнын көрсетеді. Егер педагогикалық экспериментті зерттеудің өзі жүргізсе, онда белсенді эксперимент, ал оның орнына басқа адам жүргізсе, онда енжерлы эксперимент деп аталады. Егер мәнді педагогикалық құбылыстар зерттелсе онда констанция, ал егер болжам тексерілсе, онда нақтылаушы не тексеруші, егер констанция және теорялық зерттеуден кейін жаңа педагогикалық құбылыстармен ақиқаттар тексеріледі, бұл қалыптастырушы эксперимент деп аталады.


Эксперимент құбылысты тек қана сипаттауға емес, сонымен бірге оны түсіндіруге мүмкіндік беретін асихикалық зерттеу әдісін көрсетеді. Зерттеуші болып жатқан оқиғаға заңдылықтарды ашу, аса қолайлы жағдайлар кешенін бөліу мақсатында жрспарлы түрде ықпал етеді. Бұл әдіс негізінен, педагогика саласындағы ғылыми жұмыста қолданылады. Сондай-ақ жаңа жұмыс тәсілдерінің және оларды оңтайландырудың күнделікті іс-әрекетінде қолданыла алады. Зертханалық эксперимент балаларға арналған жасанды арнайы құрылған және нақты дәл ескерілген жағдайларда жүргізіледі. Ол әртүрлі физикалық приборлар мен тіркеу аппаратураларын белсенді қолдану барысында арнай жабдықталған орынжайларда /жарықтан және дыбыстан қорғайтын кабиналарда/ жиі жүргізіледі. Эксперимент жағдайының табиғи болмауы сынаққа қатысушының тосын жағдайлардан ұялуына, қажуына әкеледі. Бұған қоса зертханалық эксперимент белгілі бір деңгейде нақты өмірлік жағдайларды бейненлесе де, көбінесе олардан қашықта болады. Сондықтан ол оқу-тәрбие процесінің педагогикалық проблемаларын шешуге сирек қолданылады. Экспериментті жүргізер алдында, екі топқа бөлу керек, эксперименттік топ және бақылау тобы. Дегенмен басқа әдістен өзгешедегі, жағдайларды дәлме-дәл ескеруге, эксперименттің жүруіне және барлық кезеңдеріне қатаң бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижелерінің сандық бағасы, беріктілігі мен анықтылығының жоғары деңгейі психикалық құбылыстарды сипаттап, өлшеп қана қоймай, түсіндіруге мүмкіндік береді.
Ғылыми экоперимент — педагогикадағы ғылыми таңның ең негізгі бір әдісі. Сол арқылы айналымдағы педагогикалық ақиқат құбылыстарды басқарып тексеруге болады. Мысалы, оқушының мінез-құлқындағы өзгерістерді анықтауға және жоспарлы түрде әр қилы факіторлардың әсерімен мінез-құлықты тәртіптеуге әсері етеді.
Белгілі бір педагогикалық құбылысты әр жақты түрде тиянақты анықтап білу үшін ғылыми экспериментке сүйену педагогикалық зерттеудің сенімді әдісі.
Ғылыми эксперимент қолайлы жағдайларды зерттеу әдісі. Ғылыми эксперимент нақтылы дәлелдердің ұйымдастырылып жүргізілуі керек.
Педагогикалық ғылыми экспериментте үш кезеңді белгілеуге болады: ұйымдастырылуы, мазмұндылығы, талғамдылығы.
Қысқаша осылардың әрқайсысына тоқталайық:
а)Ұйымдастырушы — болжау кезеңі. Ол мынадай операциялардан тұрады:
— зерттеудің мақсаты мен мәселелерін анықтау;
— эксперимент жұмысы жүргізілетін затты таңдау және теория жүзінде жүргізілетін жұмысты дәлелдеу;
— ғылыми эксперимент жүмысының ғылыми болжа-уын жасау;
Ғылыми эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілдері мен критерийлерін анықтау.
б)Мазмұнды түрде жүргізу кезеңі. Бұл эксперимент жұмысының кезеңі төмендегідей жұмыстармен байланысты:
— эксперимент жүмысыньщ мазмүнды жағын тандап алу;
— эксперимент орындау;
— мөліметтер жинау.
в)Талдап түзету кезеңі. Бүл кезең мына жұмыстарды қамтиды:
г) алынған эксперименттің көрсеткіштерін талдауаналщ£деу;
— талдаудан өткен материалдарды эксперименттің мақсатымен болжауына сәйкес келетіндігін анықтау; түзетуден өткізілген материалдарды жинақтау;
— эксперимент қорытындысының есеп-қисабын өңдеу графиктер, кестелер, модельдер жасау;
-талдаудан өткен эксперимент қорытындыларын ‘ПГ^ьірымдау.
Педагогикалық зерттеуде ғылыми эксперименттің неше түрлері қолданылады:
Факторларды анықтау үшін жүргізілген ғылыми эксперимент оқыту-тәрбиелеу процесінің анық жағдайын көруге көмектеседі. Оның негізгі мақсаты – педагогикалық күйенің алғашқы басталу жағдайын анықтау;
— жаңа түрге өзгерту, жаңашылдандыру үшін жүргізілген ғылыми эксперимент жаңа байланыстарды ашуға, олардың қасиетін, заңдылығын, принциптерін, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру процестерін анықтауға көмектеседі. Оның ең негізгі мақсаты алға қойған мәселенің шешу жолдарының дұрыстығын анықтау;
— тексеру, бақылау үшін жүргізілген ғылыми теориялық тұжырымдардың дұрыстығын тексеруге көмектеседі. Оның мақсаты — теориялық қорытындылардың ег-жей-тегжейін дәлдеп анықтау.
Кез келген ғылыми эксперимент белгілі ережелерінің сәйкестілігі негізінде жүргізіледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет