Педагогика институты



бет11/15
Дата11.06.2016
өлшемі1.19 Mb.
#128864
түріАнализ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Қазақ топырағында болып жатқан саяси - әлеуметтік өзгерістер қоғамымыздың тарихы қайта құрылып жатқан кезде, білім мен тәрбие беру ісінің жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде жаңарып құрылуы қазақтың ұлттық мектебін, бүгінгі күнге сай жасап, қазақ қызына ұлттық тәрбие беру, оған сол проблемаларды шешетін және жүзеге асыратын болашақ мұғалімдерді даярлау қажеттігіне мұқтаж қазақ халқының көне дәуірден сақталып келе жатқан ұлттық тәрбиесі және оларды қазіргі таңда зор қоғамдық мәнге ие болып отырған мектепте қыздар тәрбиесін ұйымдастыру барысында пайдалану және сонымен қатар болашақ мұғалімдердің даярлық үдерісінде көмегі мол. Осыған байланысты бүгінгі мектеп мұғалімдерінің қыздарды тәрбиелеудің жаңа жолдарын іздестіріп, іс жүзінде асыру міндеті қойылады. Ал оны шешудің құнды педагогикалық материалдарын ой елегінен өткізіп, пайдалану талаптарын қояды. Бүгінгі қоғам өмірінде ізгілендіру мен демократияландыру үдерістердің жағдайында үздіксіз білім беру жүйесінің барлық кезеңдеріне қазақ халық педагогикасын ендіру проблемалардың біріне айналып отыр. Себебі халық педагогикасы ғасырлар бойы електен өткен тәрбие мәйегі.


Ұстаз – қоғамның болашағын жасаушы. Мемлекеттің дүние жүзілік деңгейде шоқтығының биік болуы мұғалім еңбегінің тікелей көрінісі, сондықтан мектептегі педагогикалық процестердің жоғары дәрежеде болуы мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығына байланысты. Мұғалім жеке басының рухани келбеті жоғары кәсіби сапалары әлеуметтік белсенділігі этнопедагогикалық даярлығы дәрежесімен ерекшеленеді деп есептейміз. Ұлттық мектепің негізін қалап, оған оған мұғалімдерді даярлау туралы қазақтың ағартушы – педагогтары Ы.Алтынсарин, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Х.Досмұхаметов т.б. маңызды ой–пікірлері қазіргі кезде де жалғасын табуда. Демек, халықтың құнды педагогикалық идеясын қыздарды тәрбиелеудегі болашақ мұғалімдерді даярлауда кәсіби даярлығының ажырамас бір бөлігі ретінде қарастыру қажет. Ұлттық мектепте қыздарға тәрбие беру ісін болашақ мұғалімдердің жүйелі педагогикалық білім негізіндегі кәсіби даярлығынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін ең алдымен, болашақ ұстаздардан теориялық тұрғыда терең педагогикалық білімді меңгеруді қажет етеді. Қазіргі кездегі мектептің дамуы мұғалімдердің кәсіби қалыптасуы төңірегіндегі мәселелерді зерттеумен анықталады. Маман мұғалімдер даярлау мәселесі қай кезде де болмасын педагогика ғылымы мен практикада алдыңғы орын болып келген.

Ұрпақ тәрбиесі әр заманда әр халықтың басты міндеттерінің бірі болған. Ұлттық тәрбие рухани сабақтастықтың негізі. Тәрбие – ұлттық қалыптасудың ұдайы дамуы жаңғырығының бастауы. Ол өмір сүрудің мәні мен мазмұнын, ұлттық өркениеттің тарихи тағдырын айқындайтын жүйе. Осыны ескере отырып, қазақ халқы ертедегі жазба деректер мен зерттеу еңбектерінде қыздарға ұлттық тәрбие беру ерекшеліктері орын алғанын, тәрбие тағылымдарын ұсынғанын көреміз.

Халқымыздың арғы тарихына үңіліп, әлеуметтік тұрғыдағы ой тұжырымдамағы ой тұжырымдарына барлау жасасақ, балаларға құрметпен қарауға айрықша бергенін байқаймыз. Қазақ халқы өз ұрпағын оның ішінде қыз бойында адамгершілік, ізгілік, инабаттылық, имандылық сияқты және олардың болуын ежелден - ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған. Ата-бабаларымыз қалыптастырып, халқымыздың бұлжымас тіршілік заңына айналған сан ғажап салт дәстүрлер ерте заманда – ақ өзінің мәнділігімен озық үлгісімен, қыз баланы тәрбиелеуде таптырмайтын үлгі өнеге, әдіс – тәсілдер мол екеніне көз жеткіздік.

Демек, тәрбие беру ісінде қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибешісі шешендер мен билер, ақын-жыраулар өзіндік сара жолдары болғанын олардың шығармашылығында тәлім-тәрбиелік, ой-пікірлері мен өнегелі істері бүгінгі қыз баланың рухани мәдени жетілуіне саналы, білімді, мәдениетті тұлға болып қалыптасуына ықпалы зор екені ескердік.

Қазақ халқының өзіне тән жоғары адамгершілік отбасының татулығы, жарастығы, қонақжайлылығы, дала халқының қыз тәрбиесіндегі өз ұстанымдары, дәстүрлері жайлы, Ы. Алтынсарин жазған этнографиялық очерктері дәлел бола алады. Бұл еңбекте қазақ қыздарын ұзату, құда түсу, және той жасау дәстүрлерін терең берсе, қыз-келін тәжірибесіндегі халықтың әдет бойынша, олардың үлкендерді сыйлағаны соншалық, күйеуінің жақын туыстарының да атын атамай, өзінің тәрбиелілігін, тапқырлығы мен шешендігін қиын- қыстау жерде ой жүйрігімен дараланғандықтан айтады. Өз кезіндегі жағдайды ескере отырып, Ы.Алтынсарин дәстүрлерді төмендегідей етіп бөледі: бесік құда, әмеңгерлік, жесір дауы, көп әйел алу, қалың мал, кәде беру, кәде ілу, неке қию, беташар сияқты дәстүрлердің тәрбиелік мәнін көрсеткен /6/. Қазақ халқының өзіне тән салт-дәстүрі бар екенін, оның озығы мен тозығының ғылыми тұрғыда талдап дәлелдеген ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин. Ал ұлы ақын Абай шаңырақ ұйытқысы болар әйел бойындағы қасиеттерді бағалап, көрсете білген. Адамға дұрыс тәрбие беріп, шындыққа қалыптастыратын нәрселер: ақыл, ғылым. Ал қалған өзге қасиеттің бірі “жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады” – деп философиялық жағынан бейнелейді. Әрине Абай қыздың тәрбиелілігі, көркемдігі, әдептілігі, сұлулығы, тек сыртқы көрінісінде ғана болмай, ішкі көрінісімен де тең болуы керек деп талап қояды. Той бастар, беташар, неке қияр сияқты ғұрыптарға А.Байтұрсынов терең талдау жасап, жіктеп оның тәлімдік мүмкіндіктеріне тоқталған. А.Байтұрсынов арулардың игі қасиеттерін, ибалылығын, адамгершілік ар-ұждан тазалығын, бүкіл болмысын жырға қосты.

М. Жұмабаевтың “Педагогика” атты әрі оқулық, әрі әдістемелік кітабында тәрбие түрін төртке бөліп, дене тәрбиесін, сұлулық тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, құлық тәрбиесі, дей отырып, адам баласында осы төрт тәрбие түгел берілгенде ғана, оның тәрбиелі болғандығы - деп тұжырымдама жасайды, Ал балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиесін дұрыс орындасын. Бала аурулы, тар ойлы, ақымақ болса, кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззәт ала-алмайтын мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы, “Бала істеген жауыздықтың кінәсін тәрбиешісі көтерсін” деген иран елінің мәтелі шын, дұрыс мәтел дейді /8/.

Педагог бала тәрбиесіндегі, соның ішінде, әрине қыз баланы тәрбиелеуде ананың ролінің жоғары екендігін айтқан. Өйткені бала анаға жақын тұрады, шешесі үйде қызының көзінше не істесе, оның қимыл – қозғалысына, сөйлеген сөзіне қарап, ертең ұяда ұшқанда, қыз бала сан қайталайды. Әрине, қыз тәрбиесі, анаға ғана байланысты емес. Сол себепті ананың, қыз баланың көзінше әдепті, мәдениетті болуын айтады. Сол сияқты баланың маңайындағы адамдардың жүріс - тұрысы да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады.

Иә, қыз сұлулығы, мінезі, іс- қылығы, жайлы орынды айтқан. Қыз ар- ұжданы, әдебі, жүріс- түрісін, дауысын шолпының сылдырымен салыстырған, “Толғай – ай жүзің еді, қара нәркес көзің еді,” немесе шашың қара, денең ақбұлт, жүзің ай, тісің меруерт мап - майда көзің сәулем, құралай- деп сұлулықты суреттеп, қазақ қызының нәзіктігін айтқан. Бұл сұлулық тәрбиелілік тек қазақ қызына ғана тән немесе әйел теңсіздігін жырлайды.

Әйелдер мәселесі жөнінде Ж. Аймауытов өз еңбектерінде ашып айтқан. Кешегі жуас, ұялшақ қыз баланың бүгінгі өмірде жаңа тәрбие жолдарына түсіріп, әйел мен еркекті бір қатарға қойып, қарым – қатынастарын, көпшілікпен емін - еркін араласуын, жаңа бақыт жолына түсуін армандаған Ж. Аймауытов өз еңбектерінде осыны терең көрсете алды. Сонымен қатар, адамның кісілігін қалыптастыратын тәрбие, ал кісіні қалай тәрбиелеу мәселесін терең шешу үшін психологияны жақсы терең білу керек екендігін дәлелдеді.

Ж.Аймауытов “Тәрбие” атты еңбегінде ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының роліне ерекше көңіл бөлді. Баланы бұзуға, яғни түзетуге себеп болатын бір шарт – жас күнінде көрген өнеге. Ал, бұл өнеге әке – шешесінің тәрбиесі арқылы бойға сіңеді деген сөз.

Демек, ата-ананың берген тәрбиесі баланың мінезінде салған ізбен байланысты, “ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” атамыз қазақ! Олай болса, балаға қайырымдылықты, қаталдықты, шыншылдықты, кішіпейілділікті, өміршеңдікті тәрбие беретін кім? Ол әрине, ата- ана. Баланың жастайынан бойына сіңген мінезі қайта түзету қиындыққа түсетінін айтады. Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді. Демек, қыз тәрбиесіндегі отбасы мүшелерінің әсері мол, соның ішінде ана тәрбиесі, екінші алдыңғы бауырлары көрсеткен үлгілері бойынша жаман мінез қалыптасса, оны тәрбиелеу өте қиынға соғатынын көзіміз жетіп отыр. Сонымен қатар, Ж. Аймауытов өнегелі отбасынан нашар мінезді және нашар отбасынан тәрбиелі ұрпақ өсуі мүмкін дей келе, бұл ортаның, жора – жолдасқа еліктеуінен болатынын дәлелдеді. Біздің ақын – жырауларымыздың шығармаларынан ең басты нысана ол қыз бала тәрбиесі – ол болашақтың, ұрпақтың бастауы, отбасы ұйытқысы болатындай ардақты ана, сүйікті жар тәрбиелеу.

Халықтың көне дәуірден сақталып келе жатқан қыздар тәрбиесінде ұсынатын өз жолы болған. Олар: отбасы, нәрестені әлпештеп өсіру, неке түрлері, үйлену тойы, мүлік жасау, азық- түлік әзірлеу, оны сақтау дәстүрлеріне байланысты бағыт- бағдары, әдет- ғұрыптарының тәлімдік жол- жосығы, амал- тәсілдері бүгінгі қыз тәрбиесінде қолдану өте қажет болып отыр. Қазақ халқының өзі құрған дәстүрлік педагогикасы арқылы қыздарға берілетін тәрбиесі тереңде. Кешегіміз жалғасы болып, ертеңіміз осыдан бастау алар бұлақ көзіне айналатын халық педагогикасының берері көп, тәлімі мол екені айғақ. Қазақ қыздары өзінің ежелден қалыптасқан биязы мінезі, әдептілігі мен ізеттілікті сақтаудың өнегесін тереңнен алып қалыптастырған, оның отбасының беріктігі мен бекемдігін көрсете алады - деп дәлелдеген. Қыздарды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі тұрғысында А. Құралұлының “Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы” еңбегінде қыз баланы тәрбиелеу дәстүрлері келтірген:



  1. қыз баланың белін 7 жасқа келгенде белбеумен буып қою;

  2. 12-ге келгенде қыздың төсегіне жауырының астынан қос арқан керу;

  3. қызды оң жаққа шығару;

  4. қыз баланы ұзатылғанына 6 ай қалғанда жеке үй тігіп, бір жеңгемен бөлек шығарады.

Қыз бала өмірге келісімен анасы оны мәпелеп, болашақ өміріне дайындап отырған. Тәрбие ерекшеліктерін ұмытпаған. Қазіргі қоғамның жаңаруына талабына сай қазақ халқының қыз бала тәрбиелеу дәстүрлерін төмендегідей етіп бөлді:

  1. қыздың тектілігін әр түрлі жолдармен тексеру;

  2. бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиісті тағы бір қасиеті – көркі мен сымбаты;

  3. қалыңдықтың ақылдылығына назар аудару;

  4. болашақ ошақ иесіне қояр талаптың ең мәндісі- іскерлік – деп іріктей келе, қазақ халқының қызы бойжеткен соң, оны құтты орнына қондыру әрбір ата- ананың арманы.

Халық дәстүрі еріне серік болар ақылды, әдепті, еңбекқор адар жар таңдау – болашақ отбасы бақытының негізі болған. Қыз бала өскен ортасына, ата-анасына жаман сөз келтірмеуге тырысқан. Әрине, қыз сұлулығын, тек көркі ғана емес рухани сұлулығына да баса көңіл бөлген. Мұның бәрі қыз бала өзінің туылған шаңырағында, оң жақ босағада алып шығатын тәрбиесі екендігіне көз жеткізуге болады.

Болашақ мұғалімдерді оқушы қыздарға қазақтың салт дәстүрі арқылы тәрбие беруге даярлаудағы мақсат қыздарға қазақ халқының заманалар бойына тірнектеп жинаған рухани бай мұрасын, ежелгі ел дәстүрлерін, тәлімін, әдебін, салт–санасын аталық, аналық ұлағатты жасөспірімдер санасына сіңіріп, ежелгі ел мұрасының төл туындыларын бірлестікте ұштастыра отырып, өмірдегі құбылыстарға деген өзіндік ой түйінділеріне сүйеніп, тәлім-тәрбиелік мұраларды бойына дарыту. Жастарға өз халықтарының төл мәдениетін, өнерін, мұрасын рухани қазына етіп, қабылдату, саналы түйсініп ой тұжырымдарын жасауға дағдыландыру, өзіне және өзгеге деген биік талғам, халық мұрасын бойына дарыта отырып, ұлттық мақтаныш пен намыс, болашақ ұрпаққа насихаттау икемдігі мен дербестігін қалыптасыру, білуге құмар, ізденімпаз, талап талғамның өресі кең, ұлттық мұра мен ұлтаралық қатынстарды заман талабына сай ұғына алушылықты мұрат ету.

Қыздарға ұлттық тәрбие беруде бес тақырыпта топтастыруға болады:


  1. Тәлім бастауы – бесіктен, иірімді отбасынан – ұрпақ болмасының түп төркінін халық тағылымдарымен байланыста түйсіріп, қажетсінуін қалыптастыру;

  2. Ізгілік, “әдеп мәнерлері- қағида, даналық ойлар, салт-сана, әдет-ғұрып дәстүрлердің тәлімдік мәні, жастарға тұрмыс–тіршілікте кездесер инабат иірімдері ата-бабадан жеткен тағылымдарымен астарлай ұғындыру;

  3. Ұлға ұлағат, қызға инабат – отбасы тіршілігінің ұлттық ерекшелігіне сай ұл мен қыздың болмысы - өсіп жетілуі, мүшел жас ерекшеліктерінің танымдық мәні айқынду;

  4. Шаңырақ көтеру – үй ішілік ахуал, туыстық атаулардың әлеуметтік, танымдық мәндері, бозбала мен бойжеткенге арналған халық тағылымдары, той түрлері, оның жол- жоралғысын бідіру.

Ұлттық болмыс ұғымдары.

Отбасы ұғымы, үй - ішілік ахуалдар, отбасы адамдарының жасына, жынысына, туысқандығына қарай орны. Қазақ отбасына тән үй–ішілік ахуалды қалыптастыру, қас-қабақтан ұғынысу жолдары мен әдістеріне тоқталу (өмірдегі тұрмыс тіршілік мысалдар келтіру, салыстыру, өз бетумен пайымдау жасауға дағдыландыру). Мысалы: тоғыз ай, тоғыз күннің құпиясын түсіндіруде, т.б. тақырыптар ұл мен қызға бөлек өткізіледі. Нәресте өмірге келген сәттегі ырым, жол-жоралғылар (қазан ұшық, жарысқазан, қалжа дәмі, мойын омыртқа, қатыру, ырымы т.б.) Отбасындағы перзент орны, төртінші перзеннтің деографиялық мәніне терең тоқталу. Іс әрекеттік, жұмыс: отбасындағы төртінші перзент. Бесіктің танымдық, тәрбиелік мәне, халық қағидалары, бесік жырын айта білу, бесікке салу, бөлеу ерекшеліктері. Кіндік шеше парызы, аманат арқалау, кіндік кесуге қатысты халық қағидалары.



Халқы қандай десең, салтын сынап біл

Отбасындағы ата мен әженің орны, парызы, халық қағидалары («ошақтың үш бұты», «жақсы әке балаға қырық жыл азық», «баланың қандай болмағы – нағашыдан», т.б.). Бір мүшелге дейінгі перзент өмірдегі рәсімдер мен жоралғылар. Мүшел жасқа дейінге жоралғылардың ұл мен қызға тән ерекшелігі, тектілік. Сырға салу, қашы ілу, үкі қадау, қамшы қайыру, құдаласу, жаушы жіберу, т.б. танымдық мәні.



Торқалы той, неке түрлері

Неке түрлерінің талдауда салыстырмалы ұғымдар (көп әйел алушылық, әмеңгерлік). Шаңырақ көтеру, отау шығару, енші беру (ұл мен қыздың ерекшелігіне мән беру), бәсіре мал, сауын малы ұғымдары. Қыз жасауы, қызтанысу, қыз ұзатудағы орындалатын жол жоралғылар (ілу, сүтақы, отқа май құю).



Ұлттық болмыс ұғымдары

Ұлттық сана, болмыс туралы дала ойшылдары және ғалым – ағартушылар пікірлері, қазақ халқының өзіне тән, рухы, тегі бар екендігін дәлелдеу. Халықтық тәлім тәрбие бастауының негізін салушылар, халық ауыз әдебиеті жанрларының үлгілері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет