Курс бойынша силлабус «Hero Study» жүйесінде жүктеледі. Студент силлабуста берілген тапсырмаларды тапсыру мерзіміне және формасына сай дайындауға міндеттеледі.
Студент сабаққа педагогикалық әдепке сай киімде болуға және сабақтар барысында тыныштық сақтауға, басқа іс – әрекетпен айналыспауға міндеттеледі.
Жазбаша жұмыстарды орындау барысында студент жұмыстарды алдын – ала көрсетілген техникалық талаптарға сай безендіруге міндеттеледі. Студент сабаққа келіп, алайда тапсырманы орындамаған жағдайда сабаққа қатысқандығы үшін минималды 40 балл қойылады. Сабақты босатқан жағдайда 0 балл қойылады.
|
Студент денсаулық жағдайына және оқу процесінің өзге әрекеттеріне байланысты тапсырманы уақытында тапсыра алмаған жағдайда кешіктіріп тапсыруға рұқсат етіледі. Студенттің тарапынан тапсырманы кешіктіру себебін растайтын құжаттарды (медициналық анықтама, босату туралы бұйрық және т.с.с) көрсетуге міндеттеледі. Аталған құжаттарды ұсына алмаған жағдайда оқытушы тапсырманы қабылдамауға құқылы. Сіз оқытушыны емтиханға дейін ескертуіңіз және ауырғаныңыз туралы анықтаманы (емтихан өткеннен кейін 2 тәулік ішінде) кеңсе тіркеу бөліміне өткізуіңіз керек.
|
Тиісті пәнді меңгеру кезінде барлығы университеттің Әдеп кодексін сақтай отырып транспаренттілік және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес саласындағы саясатын ұстануға міндетті.
|
Тиісті пәнді меңгеру барысында студенттер университеттің Әдеп кодексін сақтай отырып, орындалатын жұмыстың түпнұсқалығын және плагиатқа қарсы күрес саласындағы саясатын ұстануға міндетті.
|