Қазіргі таңдағы пәннің өзектілігі
|
Отбасы бұл әлеуметтік педагогикалық- психологиялық қызметтінің ажырамас бөлігі, өйткені баланың табысты дамуы мен әлеуметтенуі көбінесе отбасылық жағдаймен анықталады.
Адамның дамуына көптеген биологиялық және әлеуметтік факторлар әсер едеді. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін басты әлеуметтік фактор отбасы болып табылады. Отбасы құрамына, отбасындағы отбасы мүшелеріне және жалпы қоршаған адамдарға қарым қатынастарына байланысты адам оң немесе теріс қарайды, өз көзқарастарын қалыптастырады, айналасындағылармен қарым қатынас жасайды. Отбасындағы қарым қатынас адам болашақта өзінің мансабын қалай құратынына, қандай жолмен жүретініне әсер етеді. Дәл осы отбасында индивид алғашқы өмірлік тәжірибесін алады, сондықтан баланың қандай отбасында тәрбиеленуі өте маңызды.
|
Өзіндік білім алу мен зерттеулер элементтері
|
Ақпараттық білім беру ресурстарын (электрондық оқулықтар, электрондық кітапханалар және т. б.) қоса алғанда, лектор ұсынған оқу әдебиеті негізінде дәрістер конспектісінің мазмұнын қалыптастыру және игеру;
эссе жазу;
семинарлар мен зертханалық жұмыстарға дайындық, оларды ресімдеу. Глоссарий жазу, презентациялар дайындау.
|
Инклюзивті қамтамасыз ету
|
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды жалпы білім беру процесіне интеграциялау мақсатында кедергісіз қолжетімділікті және тиімді мультидисциплинарлық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін оқытушы семестрдің басында әрбір инклюзивті білім алушымен жеке әңгіме өткізеді. Бұл ерекше білімді қажет ететін білім алушыларды тиімді қолдаудың әдістері мен тәсілдерін анықтау үшін маңызды болып табылады. Ерекше білімді қажет ететін білім алушылар үшін сабақтарда арнайы құралдарды пайдалануына, бақылау сұрақтарына жауап беруге дайындалу уақытын ұзартуға мүмкіндік беріледі. Қажет болған жағдайда, бұл білім алушылар үшін бақылаудың жеке нысандары тағайындалуы мүмкін, оқыту нәтижесін бағалау процедурасы жеке кестемен және бірнеше кезеңмен өткізілуі мүмкін.
|
Пәннің оқыту нәтижесі 1 (ПОН 4)
|
Ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін базалық білімді меңгерген
|
Пәннің оқыту нәтижесі 2 (ПОН 6)
|
Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалардың потенциалды мүмкіндіктері мен осы кездегі жағдайын, бұзылыс құрылымын ескере отырып жұмысты жоспарлай алады
|
Пәннің оқыту нәтижесі 4
(ПОН 7)
|
Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалармен медициналық-психологиялық-әлеуметтік-педагогикалық жұмысты модельдеудің, болжаудың, диагностикалаудың теориялық негіздері мен технологияларын меңгереді
|
Пәннің оқыту нәтижесі 3 (ПОН 8)
|
Кәсіби қызметті арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы ҚР нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес жүзеге асырады
|
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
|
Сабақтың түрі және аптасы
|
|