Педагогикалық жағдаят №17
Сіз тұрып жатқан үйде бір кішкентай қыз тұрады делік. Ол басқа балалар ойнап жатқанда скрипкада ұзақ уақыт және құштарланып дайындалатын. Бір күні ол жас музыканттардың конкурсында бірінші орынды жеңіп алғандығын сыныптастарына қуана айтты. Бірақ сыныптастары оның үстінен күліп «оқымысты» деген сөздермен келемеждей бастады. Мұғалім бұл жағдайды назарсыз қалдырды.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №18
Сіздің бірнеше сыныптастарыңыз жастар ансамблінің концертіне бару үшін сабақтан кетіп қалды. Келесі күні сынып жетекшісі келіп, мұны кім бастағынын сұрады. Бірақ ешкім дұрыс жауап бермеді. Мұғалім бүкіл сыныпты жазалады.
Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №19
Жеке әңгімелесу кезінде оқушы сынып жетекшісіне өз сыныптастарының өмірі мен денсаулығына төніп тұрған төтенше жағдайлар туралы құпия ақпаратты жеткізді. Бірақ мұғалім бұған аса көңіл бөлмеді және ешқандай әрекет жасамады. Соның салдарынан сыныптағы бірнеше оқушы зардап шекті.
Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз? Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №20
Мұғалім өзін келемеждеген хатты жолдан ұстап алды. Астында оқушының аты-жөні жазылған . Осы жағдайдағы мұғалімнің іс-әрекетінг көрсетіңіз?
Хатты көрсетіп тұрып жыртып тастайды.
Хат иесін жарииялап, көркемдік шеберлігі үшін мадақтау.
Бұған қалжыңмен қарау
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №21
Сыныпта оқушылар шуынан шаршаған мұғалім, ашуланып: "Мектепке не үшін келесіндер осы? Келгеннен кейін бірнәрсе үйреніп кету керек қой" деп, ұрысты.
Оқушылар: "Достарымызбен сөйлесуге келеміз " деп бір дауыспен жауап берді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |