Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет9/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №45
Сіз сабақ түсіндіру үстіндесіз. Бір оқушы тақырыпқа байланысты бір сұрақ қояды. Бірақ сіз ол сұрақтың жауабын білмейсіз.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №46
Сіз сынып жетекшілік атқарып жүрген сыныбыңыздағы оқушылардың тұрмыстық жағдайлары әр түрлі, сынып ішіндегі жағдайы жақсы балалар жағдайы төмен оқушыларды төмендедететінін байқадыңыз.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №47
Мұғалім оқушыдан : "Менің айтқанымды неге тыңдамай отырсың?", деп сұрағанда,
Оқушы:
"Сіз маған ұнамайсыз" деп жауап береді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №48
Сабақ аяқталып, оқушылар үйлеріне жинала бастады. Рома мен Лизаның шкафтары жақын орналасқан, бір – бірімен айқайласып, бір – біріне бөгет жасауда.
Осы жағдайды шешу үшін мұғалім орындықтарын жылжытып қояды, бірақ сонда да олар жанжалдаса берді.
Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:

  1. Ромаға ер баланың қызға орын беру керек екенін түсіндірем.

  2. Нағыз ер балалар осылай жасайтынын айтамын

  3. Лизаға жанжалдаспай басқа орынға ауысуын сураймын

  4. Егер балалар жиі жанжалдасатын болса екеуінің орындарын ауыстыруын ұсынам.

  5. Сіздің әрекетіңіз

Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №53
Топтағы бір баланы балалар есімімен емес ұлтымен атайды. Бала үнемі жылап, балабақшаға келгісі келмейді. Тәрбиеші балаларға бұл қылықтары дұрыс емес екенін түсіндіреді. Бірақ балалар тәрбиешіге білдіртпей мазақтауларын жалғастыра береді.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет