Педагогикалық жағдаят №119
Сіз 10 шы сыныпта сабақ өткізіп жатырсыз. Оқушылардың бірі ұялы телефонындағы музыканы қосты, яғни сізді тыңдағысы келмейтінін ашық көрсетті. Сіздің әрекетіңіз:
Көңіл аудармайсыз
Сыныптан шығарып жібересіз
Телефонын тартып аласыз
Өзіңіздің нұсқаңыз
Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)
Педагогикалық жағдаят №120
Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз. Сыныбыңызда жағдайы төмен отбасының баласы оқиды. Бір күні ол сабаққа тозған аяқкиіммен келді. Кейбір сыныптастары мазақтап күлді. Сіздің әрекетіңіз:
Күлген оқушылармен сөйлесіп, олай жасауға болмайтындығын түсіндіремін
Көңіл аудармай өз ісіммен шұғылдана беремін
Кінәлілерді директордың кабинетіне апарамын
Өзіңіздің нұсқаңыз
Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)
Педагогикалық жағдаят №121
Сабақ жүріп жатыр делік. Барлық балалар өздік жұмысымен айналысуда. Бір оқушы жұмыс істегісі келмей жан-жағына бұрылып, не істерін білмей отыр. Мұғалім оның атын атап, не түсініксіз болып отырғанын сұрады.
- Сенде маған қандай сұрағың бар? – деді.
Бала біраз ойланып тұрып:
- Сіз өз оқушыларыңыздың жанында, жүрегінде қандай із қалдырамын деп ойлайсыз? – деп сұрады?
Бұндай күтпеген сұраққа қандай жауап берер едіңіз?
Ондай сұрақтың Сізге қойылуының себебі неде деп ойлайсыз?
«Бала жүрегінде із қалдыру» - дегенді қалай түсінесіз?
Педагогикалық жағдаят №122
Сабақ енді ғана басталған. Практикант-мұғалім балаларға шағын эссе жазуға тапсырма беріп тұр. Эссенің тақырыбы: «Біз үнемі шындықты айтамыз ба?»
- Балалар, сендер мұғалімдерден, ата-аналарыңнан көп нәрсені жасырасыңдар ма? Неліктен алған «2», «3» бағаларыңды жасырасыңдар? Неге кіші жасымыздан бастап шындықты айтып үйренбейміз? – деді практикант.
Ағай (апай), Сізге сұрақ қоюға бола ма? – деді бір оқушы.
Иә, қоя ғой.
Сіз өзіңіз үнемі шындықты айтасыз ба? Сіз жоғарғы оқу орнында «3» алып көрдіңіз бе?
Иә, көргенмін.
Келешек мұғалімге «үштік» баға жараса ма?
Баланың мұндай сұрақ қоюына не себеп болды деп ойлайсыз?
Бұл сұраққа қарап баланың мұғалім тұлғасына қандай көзқараспен қарайтынын анықтаңыз.
Эссенің тақырыбына өзіңіз қандай жауап берер едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |