Педагогикалық жағдаят №110
Әдебиет пәнінің жас мұғалімі 8 сыныпқа кіргенде, өзінің сәлеміне әскери түрдегі жауап алады. Бұл сыныптағы Санжар деген оқушы еді.
Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз?
Сыныптан шығарып жіберу: «Барып өзіңнің қылығыңды ойланып қайт».
Оқушының айтқанына мән бермей, сабақты жалғастыру.
Оқушының айтқанына мән бермеу, бірақ сабақтың ортасында шақырып, қиын тапсырма беру.
Сәлемдесуін қабылдап: «О, әдебиеттің жанкүйері! Маған Сіздің көмегіңіз керек (дәптерледі тарату, тақтаны тазалау, техникалық оқу құралдарын жұмысқа дайындау және т.б.)».
Өзініздің жеке пікіріңіз...
Өз жауабыңызды нақтылаңыз.
Педагогикалық жағдаят №111
8 ші «б» сынып оқушылары қоңырауда мұғалімнің келуін күтіп тұрған, кабинет есігі жабық. Мұғалім келіп, есікке кілт салғанымен аша алмады, Осы жағдайға байланысты сіздің әрекетіңіз:
Есікті кімдердің бұзғанын анықтау
Мектеп директорына шағыммен бару
Басқа кабинетке бару
Ұстаны шақырып, есікті ашуға әрекет жасау
Сіздің өзіндік әрекетіңіз
Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)
Педагогикалық жағдаят №112
Сөйлеуінде кемшілігі бар оқушы қатты абыржып, жауап бере алмай тұр. Оның жауабын естіген оқушылар, күле бастады. Бірақол сабаққа жақсы дайындалып келген, қойылған сұрақтың жауабын да біледі.
Осы жағдайға қалай ықпал етер едіңіз? Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)
Педагогикалық жағдаят №113
Сіздің сыныптасыңыздың үлгерімі әрдайым жоғары болатын. Соңғы уақытта ол сабаққа дұрыс дайындалмайтын, үй тапсырмасында орындамайтын болды, тәртібі де нашарлады. Нәтижесінде екілік бағалары көбейген. Мұғалім оқушының үйіне барып, ата- анасымен сөйлесіп, қосымша оқытамын деген, бірақ, оқушының ынтасы жоқ. Осы жағдайда сіз не істеген болар едіңіз.
Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)
Достарыңызбен бөлісу: |