Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет36/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №208
Сыныптағы ұл бала тым қозғалғыш - өте белсенді (гиперактивті). Ол байсалды әрекет түрлерімен айналыса алмайды, сабақ үстінде қозғалып, шулап, тақырыпты дұрыс меңгермейді, басқа балалардың назарын өзіне аударады. Мұғалім бұл жағдайда қандай шара қолдана алады?


Педагогикалық жағдаят №209
Сыныпта оқушылар ойнап, сөйлескісі келмейтін, шеттетілген оқушы бар. Оқушылар бұндай қарым-қатынасының себебін түсіндіре алмайды. Оқушы өте тыныш әрі байсалды, қақтығысқа түспейді. Шеттетілген оқушыға сыныптастарын қосудың қандай жолын табуға болады?


Педагогикалық жағдаят №210
Екі ана балаларының компьютерді пайдалануы бойынша әңгімелесіп отыр. Біріншісі, жұбайы екеуі қызына компьютер сыйлағандарын мақтанышпен айтты. Ал екіншісі: «Бекер жасадың! Енді сағаттап монитор алдында отырып, көз жанары мен омыртқасын құртатын болды ғой, өзгелермен тіл табыса алмайтын, өмірге бейімсіз болып өседі...», - деп жауап берді. Өз көзқарасыңызды білдіріп, ой-тұжырымыңызды негіздеңіз: баланың компьютермен байланысында зияны көп пе, әлде пайдасы ма?


Педагогикалық жағдаят №211
Өте белсенді, жігерлі, ой-өрісі жоғары дамыған оқушының қылығында мұғалімдер: оның қатарластарын басқаруға деген ұмтылысын; қатарластарының қисынсыз сөзін тыңдай алмауын байқады. Болжам жасаңыз: Оқушының қатарластарымен ары қарай қарым-қатынасы қалай өрбиді?


Педагогикалық жағдаят №212
Мұғалімдер оқушылар белсенділілерімен әдебиеттен пәндік кеш дайындады, алайда алдын-ала берілген хабарландыруға, шақыруларға қарамастан бұл кешке ешбір оқушы келген жоқ. Сұрақ: Бұл іс-шараға оқушыларды қалай жұмылдыру керек еді?


Педагогикалық жағдаят №213
Мұғалім: «Сен үнемі менің сабағыма дайындықсыз келесің». Оқушы: «Ал, маған әкем айтқан, ол өмірге қажет емес». Осы жағдайдағы Сіздің іс-әрекетіңіз (қалай жасайсыз, не айтасыз және т.с.с.)?


Педагогикалық жағдаят №214
Балалардың бірі Сіз жауабын білмейтін (жауап беру орынсыз деп білетін) сұрақты қояды. Осы жағдайдағы Сіздің іс-әрекетіңіз (қалай жасайсыз, не айтасыз және т.с.с.)?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет