Педагогикалық жағдаят №215
Сабаққа кіруге қоңырау соғылды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі бірнеше сабақ бұрын ғана танысқан төртінші сыныпқа кіреді. Сынып тып-тыныш, барлығы партаның астына жасырынып қалған. Ешкім қимылдамайды. Не істеу керек?
Педагогикалық жағдаят №216
Мұғалім: «Ал, енді Сіздер пысықтауышты есте сақтап алуларың үшін кесте құрамыз». Сыныптан көңілсіз үн шықты: «Біз онсыз да жаттап аламыз ғой». Мұғалім (салмақты үнсіздіктен соң): «Жарайды, кестені жасамаймыз, жаднама ғана жасаймыз». Оқушылардың көңілдері тағы да толмай: «Одан да кесте құрайық!» және т.б. Мұғалім: «Жоқ, кестені қаламадыңдар ғой, жаднама жасаймыз, бірден ойлану керек еді».
Осы жағдайдағы Сіздің әрекетіңіз бен ұсыныстарыңыз.
Педагогикалық жағдаят №217
Жұмыстан қайтып келе жатқан жолда Сіз оқушыңыздың бұзақылармен сөйлесіп тұрғанын көріп қалдыңыз. Сіздің реакцияңыз.
Педагогикалық жағдаят №218
Балабақшаның орта буындағы топқа Сережа (4 жаста) есімді бала келді. Бұған дейін ол балабақшаға бармаған. Машинамен ойнап болған соң, ол ойыншықты бөлменің ортасына қалдырып кетті. Бұл жағдайда Сіз не істер едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №219
Анасы балабақшаға баратын ұлымен сөйлесіп жатыр.
Анасы: Неге сенің киімің су?
Дима: Біз қардан құрылыс жасадық. Тәрбиеші менің ынталанғанымды айтты.
Анасы, ұлын тыңдамастан: «Саған қанша рет айтам – қолғап пен белдемшеңді жылу батареясына қой деп».
Дима: Мен үйде тағы да осындай құс жасауға тырысып көрем.
Анасы: Су киіммен барасың.
Дима үндеместен амалсыз киіне бастады.
Бұл жағдайда анасына қандай кеңес беруге болады?
Педагогикалық жағдаят №220
Балабақшада сабақ үстінде ермексазды аузына салатын қыз бала бар. Ескертулер мен тиымдар көмектеспейді. Бұл әрекетін ол түсіндіре алмайды. Не істеу керек? Осы жағдайдағы Сіздің іс-әрекетіңіз және ұсынысыңыз.
Педагогикалық жағдаят №221
Баланың қабілеті орташа, алайда отбасы одан зерек-ұғымтал бала (вундеркинд) жасауға тырысып жүр. Әрбір күні минутына дейін жоспарланған: кешке оны прогимназияға, ағылшын тілі курстарына және т.с.с. алып барады, тіпті балабақшадағы ұйықтау уақытында да баланы спорт секция жаттығуларына алып барады. Үйде оны ауыр классикалық музыканы тыңдауға мәжбүрлейді. Мектепке дейінгі жастағы баланың ойнауға да мүмкіншілігі жоқ. Тәрбиешілердің барлық ескертпелеріне ата-анасы баласына тек жақсылық ойлайтындығын айтып жауап қатады. Бұл жағдайда ата-анаға қандай кеңес бересіз?
Достарыңызбен бөлісу: |