Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет70/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №411
Сіздің сыныбыңызда екі беделді бала бар – тәртіпті және тәртіпсіз. Оқушылардың басым көпшілігі тәртіпсіз баланың тобында. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз) және т.б. ?

  1. Тәрбие сағатын өткіземін.

  2. Мектеп психологымен ақылдасамын.

  3. Ата-аналар жиналысын өткіземін.

  4. Тәртіпсіз баламен жеке жұмыс жүргіземін.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №412
9-сынып оқушысы мектепке ашық-шашық киімде, қатты боянып, жылтырақтарды тағып келді. Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Оқушымен жеке әңгіме құрамын.

  2. Ата-анасын мектепке шақырамын.

  3. Киімін ауыстыру үшін үйіне жіберемін.

  4. «Заманауи қыздардың сырт келбеті» атты сынып сағатын жоспарлаймын және өткіземін.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №413
Сіз жаңа тақырып бойынша сабақ өтіп жатырсыз. Кенеттен сіздің айтқан сөздеріңіз оқушылардың қатты күлкісін келтірді. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз және т.б.)?

  1. Мән берместен сабақты жалғастырамын.

  2. Сабақты бөліп, күлкінің себебін анықтаймын.

  3. Сол уақытта мән бермеймін, бірақ сабақтың соңында сөйлесемін.

  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №414
Сізден параллель сыныптағы ауырып қалған әріптесіңіздің орнына сабағын алмастыруыңызды өтінді. Сабақ барысында Сіздің әріптесіңіз өткен сабақты оқушыладың дұрыс меңгермегені анықталды. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз және т.б.)?

  1. Өткен тақырыпты қайталау түрінде қысқаша түсіндіріп, содан соң жаңа сабақты өтуге кірісемін.

  2. Бұл сағатты өткен сабақты толық түсіндіруге арнаймын.

  3. Сабаққа түсінбегеніне қарамастан берілген тақырып бойынша сабақты өткіземін.

  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет