Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет68/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №404
Сіз жақын құрбыңыз жөнінде мектепте танымал екі қыздың әңгімесін естідіңіз. Сізді құрбыңыз жайлы айтылған жағымсыз әңгіме ашуландырады және құрбыңыздың жағына шығатын болсаңыз, олардың Сізге күмәнмен қарайтынын білесіз.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өз досыңызға жүгіріп барып, болған әңгімені жеткізесіз.
2. Әңгімені естісеңіз де, естімеген кейіп танытасыз.
3. Өз құрбыңызды қорғау үшін әңгімеге араласасыз.
4. Олардың әңгімесінің негізі жоқ екенін дәлелдейсіз
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №405
Үзілісте мектеп дәлізінде келе жатып, 6-сыныптың екі оқушысының төбелесіп жатқанын көрдіңіз. Оларды сіздің келіп қалғаныңыз да, сіздің ескертуіңіз де тоқтата алмады. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз)?
1. Кезекші мұғалімді көмекке шақырар едім.
2. Сынып жетекшісіне барып айтар едім.
3. Сыныптастарына балаларды ажырату керектігін айтар едім.
4. Төбелесіп жатқан балаларды өзім ажыратар едім.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №406
Сіз үзілісте оқушылардың бірі мұғалімге жүйелі түрде келіп, өзінің сыныптастары туралы айтатынын байқадыңыз. Ол тапсырманы кім кімнен көшіргенін, кім үй тапсырмасын орындамағанын, кім кімді қалай мазақтайтынын айтады. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз)?
1. Бұл әрекеттің дұрыс еместігін түсіндіремін.
2. Сыныптастарыма естігенім жайында айтамын.
3. Осы оқушының мінез-құлқы туралы сынып жетекшісіне айтамын.
4. «Адамның адамгершілік құндылықтары» туралы тәрбие сағатын өткізуге ұсыныс беремін.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет