Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет74/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №426
Сіз отбасы туралы тақырыпта сабақ өтіп жатырсыз және ата-аналар жайлы әңгіме қозғауыңыз керек. Сіздің сыныбыңызда ата-анасынан айырылған жетім бала оқиды.
Сіздің әрекетіңіз?
1. Мен ештеңе өзгертпей , сабақ жоспарына сай өткізуім керек.
2. Сабақты түсіндіремін, бірақ балаларға сұрақ қоймаймын.
3. Алдымен сынып контигенттін (құрамын) анықтап алып, әңгімені өзгертемін.
4. Мүлдем ештеңе де айтпаймын. Шығармашылық жұмыс ұсынамын.
5. Ата-ана туралы әңгімені айтамын. Баланы ащы шындыққа дайындаймын.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №427
Қоңырау соғылды. Сіз сабақ бастадыңыз. Он минуттай уақыт өтті. Сыныпқа рұқсатсыз, кешірім сұрамай бір оқушы келіп кіріп, өзінің партасына отырды.
Сіздің әрекетіңіз?

  1. Жедел түрде оны сыныптан шығарып жіберемін.

2. Оның тәрбиесіз екенін бетіне басып айтамын. Оның дереу шығып, рұсат сұрап кіруін талап етемін.
3. Неліктен кешіккенін сұраймын.
4. Сабақты әрі қарай жалғастыра беремін.
5. Ескерту жасаймын да, ата-анасын шақыртамын.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №428
Сіз өз сыныбыңыздағы баланың өзге сынып оқушысымен төбелесіп жатқанын, басқа балалардың айқайлап тамашалап тұрғанын көрдіңіз.
Сіздің әрекетіңіз?
1. Өз проблемаларын өздері шешсін, ал мен оған мән бермеймін.
2. Дауыс көтеріп, төбелесті тоқтатуын талап етемін.
3. Оларды ажыратып, директорға апарамын.
4. Барлық балаларды сыныпқа қуып тығып, не болғанын сұрастырамын.
5. Кінәлілерден басқаларын сыныпқа кіргізіп алып, әрбір оқушымен бөлек сөйлесемін де төбелестің себебін анықтаймын және оларды татуластыруға әрекет жасаймын.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №429
Мұғалім оқушыға тапсырма береді, ол орындағысы келмейді: «Мен тапсырманы орындамаймын», - деп ашық айтады.
Сіздің әрекетіңіз.
1. «Кел отырып талқылайық, мүмкін сенікі дұрыс шығар».
2. «Онда сен несіне оқуға келдің?»
3. «Мүмкін, неге орындамайтыныңды айтарсың?»
4. «Өзіңе қиын болады, ештеңе білмей қаласың».
5. «Сонда не істейсің?»
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет