Педагогикалық жағдаят №430
Оқушы сабақтан кейін мұғалімге келіп, сабақ беру әдіс-тәсілдерінің ұнамайтындығын, мұғалімнің ауысуын талап ететіндігін мәлімдейді.
Мұғалімнің әрекеті қандай болу керек?
Оқушымен келісіп, сабақ беру тәсілін өзгертеді.
Оқушы пікірінің қажет еместігін айтады.
Оқушы материалын оқушымен бірге талқылап, оқушыға нақты не ұнамайтындығын анықтайды.
Ата-анасын мектепке шақыртады.
Жұмыстан шығып кетеді.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №431
Сіз сынып жетекшісі болып жұмыс жасайсыз. Сыныптағы бір оқушы тарих пәні сабағына қатысқысы келмейтінін, пән оқытушысымен қарым-қатынасының бұзылғанын, мұғалімнің мұның бағасын үнемі төмендетіп қоятынын мәлімдейді.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Оқушыға оның қателесетіндігін айтасыз. Жақсылап сабаққа дайындалып келуіне, пән мұғаліміне тіл тигізбеуіне және тәуір баға алатынына көзін жеткізесіз.
2. Пән мұғалімімен әңгімелесесіз. Себебін анықтайсыз.
3. Пән мұғаліміне тіл тигізгені үшін оқушыға дауыс көтеріп ұрсасыз.
4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №432
Мектепте болған дискотекадан кейін 11-сынып оқушыларының масаң күйде жүргенін байқадыңыз.
Не істейсіз?
1. Ата-аналарды шақырып, әңгіме өткізу.
2. Оқушыларды есепке қою.
3. Ешқандай әрекет жасалмайды.
4. Мектеп директорын хабардар ету.
5. Тәртібі үшін бағаларын төмендету
6. Жалпы мектеп жиналысын өткізу.
7. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №433
Сыныпқа кіре бере Сіз бір топ қыздардың өз сыныптасы туралы әңгімелесіп тұрғанын естіп қалдыңыз: «Бірнеше жыл бойы бір көйлекпен жүр». Сіздің әрекетіңіз:
1. Әңгіме дүкенді тоқтатамын.
2. Ата-аналарын шақыртамын.
3. Моральдық құндылықтар жайлы әңгіме қозғаймын
4. Сынып жиналысын өткіземін(диспут)
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |