Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет80/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №446
Бесінші сынып оқушысы Ахмет тақпақ пен әңгімелерді есінде нашар сақтайды. Тақтаға шығып бір-екі сөз айтып тоқтап қалатын. Сіз оның ерке екенін білесіз. Осы жағдайдағы әрекетіңіз:
1. Мектепте айтылған тапсырмалардың барлығын орындау керек екенін түсіндіріп айтамын.
2. Ойын толық жеткізуге мүмкіндік беремін.
3. Сабақтан соң алып қалып, бағасын жоғарылатуға мүмкіндік беремін.
4. Ахметті тыңдап болғаннан соң мадақтап, бұдан да жақсы дайындалып келетініне сенетінімді айтамын.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №447
Оқушы Сіз жүргізетін 2 сабаққа келе алмайтынын айтады. Өйткені, ол сол уақытта концертке баратынын айтты. Сіздің әрекетіңіз:
1. Қарсы боламын.
2. Келесі жолы мектепке ата-анасымен келуін айтамын.
3. «Өзің білесің, емтихан тапсыратын сен, жіберіп алған сабақтарыңа жауап бересің», - деп жауап беремін.
4. «Сен сабаққа немқұрайлы қарайсың», - деп айтамын.
5. Мүмкін, мектепте оқымай-ақ қоярсың.
6. Сабақтың емес, концерттің қызықтыратынын білгім кеп отыр.
7. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №448
Сабақтың басында немесе бірнеше сабақ өткен соң бір оқушы сізге: «Мен сізді педагог ретінде бізге бір нәрсе үйретеді деп ойламаймын» - дейді. Сіздің ойыңызша мұғалімнің әрекеті қандай болу керек?

  1. «Сенің жұмысың оқу, мұғалімді оқыту емес», -деп жауап беремін.

2. Сен сияқтыларға еш нәрсе үйрете алмаймын деймін.
3. «Саған мүмкін басқа сыныпқа немесе басқа мұғалімге ауысу керек», - деп жауап қатамын.
4. Сенің оқуға ынтаң жоқ деймін.
5. «Неге бұлай ойлайсың?»
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №449
Бір оқушы сізбен әңгіме үстінде басқа оқушыларға қарағанда өзіне жақсы қарым-қатынаста болғанын сұрайды. Сіз оқушының бұл сөзіне қалай жауап бересіз?
1. «Мен неге басқа оқушыларға қарағанда саған жақсы қатынаста болуым керек».
2. «Мен ешқандай оқушыны алаламаймын».
3. «Маған бұл әңгімең ұнап тұрған жоқ».
4. «Мен не себепті мұны жасауым керек?»
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет