Педагогикалық жағдаят №473
Арман үнемі үй тапсырмасын орындамай келеді. Мұғалім неге дайындалмағанын сұрағанда, ол жылап жіберді. Сіздің әрекетіңіз:
1. Оқушымен сөйлесіп, себебін анықтаймын.
2. Арманның достарымен сөйлесіп, себебін анықтаймын.
3. Ата-анасымен кездесіп, сөйлесемін.
4. Үй тапсырмасын орындауға Арманға көмектесемін.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №474
Сынып жетекшісіне Дауреннің анасы келіп, баласының жаман сөздер айтып жүргендерін баяндады. Баласын басқа партаға отырғызуды өтінді. Сіздің әрекетіңіз:
1. Оқушымен сөйлесіп, себебін анықтайсыз.
2. Басқа партаға отырғызасыз.
3. Оқушының ата-анасымен әңгімелесіп, тығырықтан шығу жолдарын қарастырасыз.
4. Мектептен тыс жерде кімдермен қарым-қатынас жасайтынын анықтайсыз.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №475
Досыңыз келіп: «Менің телефоным күшті емес» деп мәлімдеді. Сіз досыңызға не айтасыз?
1. Күшті телефон саған не үшін керек?
2. Ия, сенің телефоның күшті емес.
3. Сенің телефоның неге саған ұнамайды?
4. Күшті телефонның сен үшін мағынасы қандай?
5. Сенің телефоның жайлы өзге біреу саған бірдеңе деді ме?
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №476
Сіз достарыңыздың қатты керісіп қалғанына куә болдыңыз. Сіздің әрекетіңіз?
1. Сіз оларды сабырға шақырасыз.
2. Сіз араласпауға тырысасыз.
3. Сіз дау-дамайға араласып кетіп, екі жақтың біреуін қолдайсыз.
4. Өзге сыныптастармен бірге талқылайсыз.
5. Сынып жетекшісін шақырасыз.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №477
Балабақшаның дайындық тобында еңбек пәні бойынша тәрбиеші балаларды түрлі құрал-саймандарды қолдануға үйретуде. Барлық балалар қызығушылықпен жұмыс жасауда, бірақ Арман басқа нәрсеге көңіл аударып отыр. Ол тәрбиешінің ескертуіне: «Мен есейгенде дәрігер боламын, ал күректің маған қажеті жоқ» - деп жауап берді. Сіздің ойыңызша тәрбиеші не істеу керек?
Тәрбиеші ескерту жасап, оның дәрігер болатынына кәміл сенетінін айтып, бірақ дәл қазір еңбек пәні бойынша тапсырманы орындау керектігін ескертті.
Балабақшада балалар жан-жақты дамуы тиіс.
Тәрбиеші балаларға еңбекті сүйген адам жаман болмайтынын ескертті.
4.Тәрбиеші жүйелі түрде топтағы барлық балалармен жұмыс жүргізуі тиіс.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |