Педагогикалық жағдаят №457
Сізбен бірге жұмыс істейтін көрші жасақтың жетекшісімен қарым-қатынасыңыз бұзылды. Балалардың алдында кез келген жағдайда ол өз қатынасын білдіріп, сізге дөрекі сөйлейді. Бұл жағдайда не істеу керек? Сіздің әрекеттеріңіз:
Балалардың алдында абыройын жоғалтпай, көргенсізді орнына қою керек.
Лагерь бастығына шағымдану қажет, ол оның құзыретіне кіреді.
Қарым-қатынасты түзеп, сол педагогпен шиеленісті шешіп, ымыраға келу.
Оны ашық әңгімеге шақырып, қарым-қатынасты анықтау.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №458
Баланың интеллектуалды дамығаны сонша - ол обьективті себептермен жасақта әңгімелесуші немесе дос таба алмайды. Ол басқаша болғандықтан, балалар оны қабылдамайды. Бұл жағдайда не істеу керек? Сіздің әрекетіңіз:
Белгілі бір жағдай ұйымдастырып, баланың интеллектуалды қабілеттерінің бүкіл жасақ үшін маңызды екенін көрсету.
Ол баланың жоқтығын пайдалана отырып, жасақты жинап, баланы қабылдауын сұрау.
Балалар өзінің қарым-қатынастарын өздері шешуі тиіс.
Баланың тұлғалық ерекшелігін басқа балаларға ашып көрсету.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №459
Бірінші кезектің оқушылары белсенді, көңілді, бірақ екі қыз еш нәрсеге қатыспайды, еш нәрсе істегісі келмейді, оларда бір ғана қалау – «үйге қайту!». Не істеу керек?
Жауапты істі орындауға қосу арқылы олардың зейінін аудару.
Оларды басқа жасаққа ауыстыру.
Ультиматум қойып олардың бойкот жасауын ұйымдастыру: сіздер жылап болғанша біз үндемейміз.
Қызықты тәрбиелі іс-шара ұйымдастырып өткізу.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |