Педагогика теориясы


Инновациялық және интерактивті оқыту әдістеріне шолу. Интерактив



бет49/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Инновациялық және интерактивті оқыту әдістеріне шолу. Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзінен шыққан. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым–қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, оны әрі қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту методтарынен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.
Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс - әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Интерактивтi әдістің мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, оқушылар білімді төрт түрлі жағдайда алады екен:

  • дайын білімді қабылдап алу

  • зерттеу барысында жаңалық ашу

  • әр түрлі жағдайда әсерді сезіну

  • синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.

Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әртүрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.
Оқу үдерісінде келесі интерактивті әдістер қолданылады:
1. Интерактивті әдістер: «Кейс-стади» (немесе «Оқу кейстері»), «Блиц-сауалнама», Модельдеу», «Шығармашылық жұмыс», «Қарым-қатынас», «Жоспар», «Сұқбат» және басқалар
2. Стратегиялар: «Миға шабуыл», «Бумеранг», «Галерея», «Зиг-заг», «Баспалдақ», «Мұзжарар», «Ротация», «Т-кесте», «Домалақ қар» және т.б.
3. Графикалық органайзерлер: «Б-Б-Б», «Концептуалды кесте», «Венн диаграммасы», «Инсерт», «Кластер», Фишбойн (балық қаңқасы), «Не үшін?», «Қандай?» және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет