Репродуктивті әдістер – оқу материалының мазмұны негізінен ақпараттық болса, практикалық іс-әрекеттердің әдістерін сипаттайтын болса, оқушылардың білімді өз бетінше ізденуіне тым жаңа деп саналса, жағдаяттарды шешуге дайын білім болмаса, тиімді.
Бұл әдісте ойлау үлкен нәтиже береді. Репродуктивті әдісте оқушылар бұрын немесе жақында алған білімдерін қолданады.
Проблемалық оқыту дегеніміз не? Проблемалық жағдайды қалай жасауға болады?
Проблемалық деп оқу материалын оқушылардың санасында ғылыми зерттеуге ұқсас танымдық тапсырмалар мен мәселелер пайда болатындай етіп оқуды айтады.
Оқушылардың ойлау әрекетінде логикалық, дұрыс, ғылыми тұжырымдарды ізденуге, меңгеруге ынталандыратын проблемалық жағдайлар туындайды.
Кез келген білім студент үшін проблема болып табылады. Шығыс педагогтары оқушы санасында проблемалық жағдай туғызу, оқушының белсенді ойлау әрекеті, оқу материалын тиянақты меңгерту туралы құнды пікірлер айтқан.
Ойшыл Әбу Райхан Беруни (937-1048) өзінің дидактикалық ой-пікірлерінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде ең алдымен әр түрлі тақырыпта ой қозғап, оқушыны жалықтырып, күйзелтпеу керектігін баса айтқан.
Проблемалық жағдайда:
• оқушының білуі, яғни зерттелетін мәселені ойлауы қиын болған мәселе үстінде пікірталас жүргізу;
• оқушылардың оқуға деген қызығушылығын ояту;
• талдау барысында оқушылардың бұрынғы тәжірибесі мен біліміне сүйену.
Оқу-тәрбие үрдісінде проблемалық жағдай туғызу, оны пайдалану жолдарын жасау оқу жүйесінің әр кезеңінде оқытылатын пәндерге тән.
Проблемалық жағдай оқу пәнінің мазмұнының, оны зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып құрылады.
Оқу үрдісінде оқытудың индуктивті және дедуктивті әдістерінің қажеттілігі туындауда. Индуктивті және дедуктивті әдістер қалай қолданылады? Соның ішінде дедуктивті оқытуға сұраныс пен көңіл бөлу артты. Бұл әдісте пікірлеу өте тиімді. Индуктивті немесе дедуктивті әдістерді қолдану зерттелетін пәннің мазмұнын ашудың белгілі бір логикасын – нақтыдан жалпыға немесе жалпыдан нақтыға қарай таңдауды білдіреді.
Индуктивті әдістер техникалық құрылғыларды зерттеуде және практикалық тапсырмаларды орындауда кеңінен қолданылады.
Дедуктивті әдіс оқу материалын жылдам өтуге көмектеседі, ойлау белсенділігін дамытады.
Теориялық материалды оқып-үйренуде айтарлықтай жалпы жағдайлардан белгілі бір салдарларды анықтауды талап ететін есептерді шешуде дедуктивті әдісті қолдану әсіресе тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |