Педагогика теориясы



бет46/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Лабораториялық әдіс алынған жаңа білімді бекіту мақсатында қолданылады. Лабораториялық әдісте оқушылар мұғалімнің басшылығында арнайы жабдықталған кабинетте, мектеп шеберханаларында приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тəжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Лабораториялық жұмыстар, әсіресе, химия, физика, биология сияқты пәндерден білімді терең игеру мақсатында жүргізіледі. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл əдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік жəне дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.
Оқудың практикалық əдістері - оқушының іс-əрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді. Жаттығулар – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен орындау. Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық жəне оқу-еңбектік болып ажыралады. Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мəдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.
Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту жəне олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.
Оқу-еңбектік жаттығулар ерекше əдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нəтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек іс-əрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады. Оқушылардың өзіндік əрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие. Оқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мəні – оқушы орындап жатқан əрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.

Оқыту әдістерінің мәні. Оқыту әдістерін таңдау шарттары. Оқытудың репродуктивті әдісін қашан қолдануға болады?


Бұл әдістер оқушылардың жаңа ұғымдарды, құбылыстарды, заңдылықтарды меңгерудегі шығармашылық белсенділік деңгейін бағалау негізінде бөліктерге бөлінеді. Репродуктивті әдістер оқушылардың оқу материалдарын есте сақтауын күшейту, танымдық іс-әрекетін тікелей бақылау және кемшіліктерді тез анықтау үшін практикалық дағдылар мен дағдыларды меңгеру мақсатында қолданылады.
Бұл әдістер оқушылардың жаңа ұғымдарды, құбылыстарды, заңдылықтарды меңгерудегі шығармашылық белсенділік деңгейін бағалау негізінде бөліктерге бөлінеді. Репродуктивті әдістер оқушылардың оқу материалдарын есте сақтау қабілетін күшейту, танымдық іс-әрекетін тікелей бақылау және кемшіліктерді тез анықтау үшін практикалық дағдылар мен дағдыларды меңгеру мақсатында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет