Педагогика теориясы


Оқыту құралдары және олардың қызметі



бет48/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Оқыту құралдары және олардың қызметі. Оқу мақсатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін оқыту құралдары қолданылады.
Оқыту құралдары (дидактикалық құралдар) білімді меңгерту, дағдыны қалыптастыру көздері болып табылады.
«Оқыту құралы» ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Бұл ұғымды тар мағынада қолданғанда оқыту құралдары оқу және көрнекі құралдар, демонстрациялық құрылғылар, техникалық құралдар және т.б. деп түсініледі. Кең мағынада оқыту құралдары дегеніміз білім беру мақсатына жетуге ықпал ететін барлық нәрсе, яғни, әдістерінің, формаларының, мазмұнының, сондай-ақ арнайы оқыту құралдарының бүкіл жиынтығы.
Оқыту құралдары әлем туралы тікелей және жанама білімді жеңілдетуге арналған. Олар әдістер сияқты, білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын орындайды, сонымен қатар оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ынталандыруға, басқаруға және бақылауға қызмет етеді.
Ғылымда әдістемелік құралдардың қатаң классификациясы жоқ. Кейбір ғалымдар оқу құралдарын мұғалімнің білім беру мақсатына нәтижелі жету үшін қолданатын құралдары (көрнекі құралдар, техникалық құралдар) және оқушылардың жеке құралдары (мектеп оқулығы, дәптер, кеңсе тауарлары, т.б.) деп екіге бөледі. Дидактикалық құралдардың санына мұғалімнің де, тыңдаушының да іс-әрекетімен байланысты (спорттық құрал-жабдықтар, оқу кабинеттері, компьютерлер және т.б.) құралдар жатады.
Көбінесе сенсорлық модальділік дидактикалық құралдарды жіктеу үшін негіз ретінде пайдаланылады. Бұл жағдайда дидактикалық құралдар келесі түрлерге бөлінеді:
визуалды (көру), оған кестелер, карталар, табиғи объектілер және т.б. кіреді;
аудиолы (есту) – радио, магнитофон, музыкалық аспаптар және т.б.;
аудиовизуалды (көру-есіту) – дыбыстық фильм, теледидар және т.б.
Поляк дидактигі В.Окон оқыту құралдарын мұғалімнің іс-әрекетін ауыстыру және оқушының іс-әрекетін автоматтандыру мүмкіндігін арттыру мақсатында олардың классификациясын ұсынды. Ол қарапайым және күрделі құралдарды бөліп көрсетті. Қарапайым құралдар:
• ауызша (оқулықтар және басқа мәтіндер);
• визуалды (нақты заттар, модельдер, картиналар және т.б.).
Күрделі құралдар:

  • механикалық көрнекі құралдар (диаскоп, микроскоп, кодоскоп және т.б.);

  • аудиолы құралдары (күйтабақ ойнатқыш, магнитофон, радио);

  • аудиовизуалды (дыбыстық фильм, теледидар, бейне);

  • оқу процесін автоматтандыратын құралдар (лингвистикалық кабинеттер, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телекоммуникациялық желілер).

Дидактикалық құралдар осы процестің басқа компоненттерімен тығыз байланыста пайдаланылса, оқу процесінің құнды элементіне айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет