Мағлұмат - оқушылардың оқыту процесінде алған білімдер, дағдылар, іскерліктер және ойлау қабілеттерінің системасы.
Мақсат (оқу, білімділік) - бірдемеге ұмтылу, оқытудың оған келешекте өзін жетілдіре отырып ұмтылуы.
Мазмұн (оқыту, білім беру) - оқыту процесінде оқушылардың меңгеруі керек болған ғылыми білімдер, дағдылар мен іскерліктер, қызмет және ойлау тәсілдерінің системасы.
Мадақтау - оқушылар тәртібін, мінез - құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады.
"Менеджмент" – ағылшын сөзі «басқару» деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның "манус", яғни "қол, күш" – деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген.
Нәтиже (оқытудың жемісі) - бұл оқытудың жетіп келу межесі, оқу процесінің соңғы нәтижесі, қойылған мақсатты іске асырудың дәрежесі.
Оқу - білім, дағды және іскерліктерді меңгеру процесі болып, оқушылардың мінез-құлқына, сана-сезіміне, қызметіне-әсер етеді және олардың дамуын қамтамасыз етеді.
Оқыту - бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі. Бұл процестің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады. Бұл білім, іскерлік, дағдыларды баланың бойына сіңіру арқылы жүзеге асады.
Оқулық – бұл белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негізін қалайтын кітап.
«Педагогика» - грек сөзі. Раіda – бала, gogike – жетектеу. Ежелгі Грецияда баланы жетектеп, мектепке апаратын құлдарды педагог деген.
Педагогика - жас ұрпақ пен ересектерге жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту заңдылықтарын айқындайтын ғылым.
Педагогикалық ұғымдар (категориялар (грекше “дәлел”,”түсінік”) педагогикада педагогикалық кезеңдер ерекшеліктерін, мәні және мазмұнын, тұлға және қоғам, тұлға және топ, тұлға және қоғам ортасындағы тәлім-тәрбие, рухани ағарту, адамгершілік-эстетик, экономик, экологик қатынастарды бейнелеуші негізгі түсінік): білім беру, оқыту, тәрбие болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |