Педагогика теориясы



бет90/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Жаттығу - білімді бекітудің және іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың, оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негізгі методы.


Жеке адам дегеніміз белгілі бір туа біткен қасиеттердің және қоршаған ортаға араласудың ықпалы арқылы оның бойында болып жатқан өзгерістердің сапасы, осы екі әрекеттің қоспасы.


Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқаратын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі.


Индивид (лат. individuum – бөлінбейтін) – 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.


Интернационализм-барлық мемлекет халықтарымен ынтымақтастық, ұлттар арасындағы достық қарым-қатынас, тату, көршілік өзара көмек, басқа халықтардың тарихын, мәдениетін құрметтеу т.б.


Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.


Коррекциялық педагогика (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия) дене дамуында кейбір ауытқушылықтар (есту, көру, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеумен айналысады.


Қалыптасу – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен сапаларға ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні өте зор.


Лекция – сабақта оқушылар материалды тыңдай білуге, баяндалған информацияны қабылдауға, талдап жинақтауға, қысқаша конспектілеуге үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет