Педагогика теориясы


ГЛОССАРИЙ Адамның дамуы



бет89/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

ГЛОССАРИЙ


Адамның дамуы - бұл оның дене күші мен психикасының сандық және сапалық өзгерістерге ұшырауына айтылады.


Әдіс (латын сөзі «metodos» - жол, тәсіл) - оқытудың мақсаты мен міндетін іске асырудың жолы.


Әңгімелеу - материалды жүйелеп айтып беру. Әңгімелеу жоспар бойынша құрылып, анық түсінікті болуы тиіс.


Білім беру - бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру, адамның творчестволық күші мен қабілетін дамыту.


Білім берудің мазмұны деп белгілі бір оқу орнындағы үйренілетін білімдер мен іскерліктердің жүйесіне айтылады.


Ғылым – білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы. Ғылым табиғат, қоғам, ой жүйесі туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталады.
Ғылыми зерттеу – жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі.


Дағды - автоматтандырылған әрекеттер, яғни іс-әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі.


Дидактика - оқыту мен білім беру, олардың мақсаты, мазмұны, методтары, тәсілдері, ұйымдастырылуы, нәтижелері туралы ғылым.


Диагностика бұл дидактикалық процесте болатын барлық жағдайларды айқындау, оның нәтижелерін анық белгілеу дегені. үйреніліп жатқан объект немесе процесс туралы анық мағлұмат алудың жалпы құралы болып қызмет етеді.


Дүниетаным - адам санасының арнайы түрі, оның өзін қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.


Ережелер мұғалімге қандай да бір жағдайларда нақты əрекеттерді жасауға сілтеме беріп, белгілі бір талаптарды орындауға бағыттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет