Педагогикалық жағдайлар — белгілі бір жағдайда дұрыс шешім қабылдау арқылы адамның қабілетін анықтау әдісі.
Педагогикалық бақылау — бұл педагогикалық үрдісті тану әдісі, ол ұзақ мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.
Педагогикалық тәжірибе — кейбір әдістердің арнайы ұйымдастырылған тексеруі оның педагогикалық тиімділігін анықтау үшін жұмыстар қабылдау.
Руханият бір ұлттың өзіне тән рухани дүниесін, рухани келбетін көрсететін ұлттық болады. Бірақ жалпыадамзаттық құндылықтарға қарсы емес, қайта өз ішінде оларды да қамтиды.
Сабақ білім, іскерлік, дағдыны игертумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс - әрекетпен шұғылдануға, балалардың бір – бірімен дұрыс қарым – қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез – құлқын қалыптастыруға үйретеді.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді.
Салалық педагогика (жалпы, әскери, өндірістік,еңбекпен түзету, сауықтыру, педагогикалық, психологиялық ) түрлі еңбек және өмір салаларында адамдарды тәрбиелеу, дамыту заңдылықтарын зерттейді.
Стандарт - ағылшын сөзі - үлгі, эталон, модель деген мағынаны береді. Білім берудің мемлекеттік стандарты білім берудің мазмұнын, формасын, тәсілдерін, әдістерін және оның сапасына қойылатын бағаның тәртібін анықтайды.
Тәрбие - а) жас ұрпақтың рухани күштерін дамыту; ә) ғылыми-материалистік дүние тануды қалыптастыру, қоғамға сай ережелерді меңгеру; б) қоғам өміріне, қоғамдық өндірістің белгілі саласына қатысуға дайындығы болу міндеттерін қамтиды.
Түсіндіру деп, кейбір ұғымдардың, құбылыстардың сөзбен айтылған талдауын, аспаптардың, көрнекі құралдардың принциптерін, сондай-ақ сөздер мен терминдерді түсіндіруді айтамыз.
Тұқымқуалаушылық – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі түрге бөлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).
Ұйымдастыру - белгілі бір критерийлер негізінде дидактикалық процесті тәртіпке келтіру, оған қойылған мақсатты іске асыру үшін қажетті форманы беру.
Достарыңызбен бөлісу: |