Педагогика теориясы


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ (INCLUSIVE EDUCATION



бет87/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ (INCLUSIVE EDUCATION)
Жоспар:

  1. Инклюзивті білім беру (Inclusive education).

  2. Инклюзивті білім беру принциптері.

  3. Инклюзивті білім беру саясатының құқықтық негіздері.

  4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудың педагогикалық әдістері.



Негізгі ұғымдар: Инклюзивті білім беру, инклюзия, Педагог-дефектолог, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция, Абилимпикс.


1. Ағылшын тіліндегі inclusion - кіріктіру, оның ішінде білім беру, бірлескен білім беру, франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін дегенді білдіреді және ерекше қолдауды қажет ететін балалар мен жастарға арналған икемді, дараланған қолдау жүйесі болып табылады.
Инклюзия – қоғамның барлық мүшелеріне бірдей қажетті мүгедектерді белсенді әлеуметтік өмірге нақты қосу процесі.
«Инклюзивті білім беру – бұл барлық білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерінің айырмашылығын ескере отырып, білім беру ұйымдарында білім алуға тең құқықтарды қамтамасыз ету»
Әрбір баланың инклюзивті білім алу құқығын (барлық деңгейде) қамтамасыз ету мақсатында тиісті мемлекеттік органдар жалпы білім беру ұйымдарында барлық оқушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі және дамуында ауытқуы бар балаларға қажетті жағдай жасауы қажет.
Инклюзивті білім беру мәселелері
 - теріс көзқарас;
 - қоғамда көрінбеу;
 -материалдық қорлар;
 - физикалық бейімделу;
 - сыныптағы оқушылар саны;
Инклюзивті білім беру қажеттілігі.
 Ең алдымен, ерекше қолдауды қажет ететін балалар дені сау балалармен бірге араласа алады.
Екіншіден, мүгедек балалар дені сау құрбыларымен қатар оқуға және білім алуға құқылы.
Инклюзивті білім беруді қолдау:
 қоғамда оң көзқарасты дамыту;
 -инклюзивті білім беру ортасын құру;
 - ерте жастан бастап араласу;
 -тиісті саясатты жасауға көмектесу.
Инклюзивті білім берудің тиімділігі.
 Ерте диагноз қою;
 Материалдық қамтамасыз ету;
 Құқықтық негіз;
 Ресурстық педагогтың қызметі;
Білім беру объектілерін ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімдеу.
Инклюзивті білім берудегі кадрлар.
 Инклюзивті сынып жетекшісі.
 Тәрбиеші.
 Психолог.
 Педиатр (психоневропатолог).
Инклюзивті сынып жетекшісі:
 оқушылардың физикалық және психикалық дамуын түзету және қалыпқа келтіруді жүзеге асырады;
 балалардың белсенділігі мен оқу тиімділігін арттыратын әдістерді қолданады.
Тәрбиеші:
 Педагог-дефектолог ата-аналармен және басқа мамандармен бірлесе отырып, балалармен іс-шараларды жоспарлайды және осы негізде жұмыс жасайды.
Психолог:
 -әр баланың психикалық денсаулығын сақтайды, психикалық дамуындағы кемшіліктерді жояды және түзетеді;
 -Педагогтар мен ата-аналарға әдістемелік көмек көрсетеді.
Педиатр (психоневропатолог):
 әр баланың психикалық жағдайын үнемі тексеріп отырады;
 -емдеу процедураларын ұсынады;
 -ата-аналарға кеңес береді.

2. Инклюзивті қоғам қандай принциптерге негізделеді?


Инклюзивті білім берудің сегіз қағидасы:
1. Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне байланысты емес.
2. Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті.
3. Әркімнің пікір алмасуға және өзін тыңдауға құқығы бар.
4. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж.
5. Шынайы тәрбие нақты қарым-қатынас жағдайында ғана жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж.
7. Барлық оқушылар үшін ілгерілеу олардың істей алмайтындарынан гөрі не істей алатынына байланысты болуы мүмкін.
8. Әртүрлілік адам өмірінің барлық жақтарын жақсартады.

3. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде 1 миллиардқа жуық адам (немесе жер шары халқының 15%) мүгедек, олардың 100 миллионнан астамы балалар. Мүгедектердің құқықтары БҰҰ 2006 жылы қабылданған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциямен қорғалады, Өзбекстан 2009 жылы қол қойған және әлі ратификацияланбаған. Бұл құжатқа сәйкес, қол қойған елдер теңдікті, қоршаған ортаның қолжетімділігін, білім мен жұмыс істеу мүмкіндігін, мәдени өмірге қатысуын және мүгедектердің жеке ұтқырлығын қамтамасыз етуі керек.


Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 24-бабы мүгедектердің білім алу құқығын мойындайды және қатысушы мемлекеттерден инклюзивті білім беруді барлық деңгейлерде енгізуді талап етеді. Бұл құқықты кемсітусіз және тең мүмкіндіктер негізінде жүзеге асыру, оқу кезінде және өмірде үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету міндетін жүктейді.
Конвенцияның негізгі принциптеріне мыналар жатады:

  • адамның қадір-қасиетін және таңдау еркіндігін құрметтеу;

  • кемсітушілікке жол бермеу;

  • қоғамға тиімді араласу;

  • мүмкіндігі шектеулі адамдардың ерекшеліктерін құрметтеу;

  • мүмкіндіктер теңдігі;

  • гендерлік теңдік.

2015 жылдың қыркүйегінде БҰҰ 2030 жылға дейін қол жеткізілетін 17 мақсаттан тұратын тұрақты дамудың жаңа күн тәртібін қабылдады. Олардың барлығын инклюзивті деп атауға болады, өйткені олар мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз етуге арналған. Оның жетеуі мүгедектерге тікелей қатысты, мәселен, жалпыға бірдей денсаулық сақтау мен білім алу мүмкіндігі бар. Ендеше, қағаз жүзінде де, қоғамдық ұйымдардың жоспарында да инклюзивті орта мен қоғам құру аз ғана уақыт қалғандай.
1970 жылдары Жапонияда «Абилимпикс» қозғалысы құрылды, оның мақсаты мүгедектердің кәсіби біліктілігін арттыру болды. Абилимпикстің халықаралық федерациясы қозғалыстың басқарушы органы ретінде әрекет етті.
Абилимпикс – әртүрлі санаттағы мүгедектердің кәсіби шеберлігі бойынша олимпиада. Қазіргі уақытта байқау барлық санаттағы мүгедектерді қамтиды. Олар 4 жыл сайын әлемнің 40 елінде 50-ден астам мамандық бойынша өткізіледі. Абилимпикс –мүгедектерді кәсіптік бағдарлау, ынталандыру, әлеуметтендіру және жұмысқа орналастырудың тиімді құралы. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, чемпионаттар өткізу қоғамда мұндай адамдарға деген көзқарас мәдениетін қалыптастыруға үлкен әсер етеді.
Жаһандық ауқымдағы инклюзивті білім берудің құқықтық негіздері
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948).
«Балалардың құқықтары туралы» конвенция (1989).
«Білім баршаға арналған» жалпыға бірдей декларациясы (1990).
Өзбекстандағы инклюзивті білім берудің құқықтық негіздері.
 «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң (1991).
 Өзбекстан Республикасының Конституциясы (1992).
 «Білім туралы» Заң (1997).
Өзбекстан Республикасы «Білім туралы» Заңның 20-бабында «Инклюзивті білім беру – жеке білім қажеттіліктері және индивидуал мүмкіндіктерді алуан түрлілігін есепке алып барша білім алушылар үшін оқу орындарында білім алуға тең мүмкіндіктерді тәміндеуге қаратылған. Дене, ақыл-ой, сенсор (сезім) немесе рухи нұқсандары болған балалар (тұлғалар) үшін оқу орындарында, инклюзивті білім беру жолға қойылады» делінген.
9-бапта «Дене немесе психикалық дамуында кемістіктері бар балалар, сондай-ақ ұзақ емдеуді қажет ететін балалар мемлекеттік мамандандырылған білім беру ұйымдарында, жалпы орта білім беру ұйымдарында жеке дара немесе үй жағдайында оқытылады» делінген. Осы бапқа сәйкес инклюзивті білім беру басым бағыт емес, білім берудің қолданыстағы түрлерінің бірі ғана.

4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей оқуға, жұмыс істеуге, демалуға т.б. яғни қоғамдық қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән келтірмейді, дегенмен бұны шынайы түрде іске асыру оңай еместігі белгілі. Білім алу, қоғамдық өмірге араласу, түрлі мүмкіндіктерді игеру, мемлекет, жергілікті әкімшілік білім беру жүйесін қолдау таппаған жағдайда тек қағаз жүзінде ғана қалып қояды. 


Психологиялық-педагогикалық жұмыстарының бағыты ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік-тұрмыстық білім мен икемдерін қалыптастыру екенін назарда ұстай отырып, педагог арнайы сабақтарда оқушылардың көлік, пошта, қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар мен жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға үйрету керектігін де басты назарда ұстайды. Мысалы, жаяу жүргіншіге арналған белгілер, ойнауға тиым салынатын белгілер, қандай мекеме екенін білдіретін сыртқы жарнамалар немесе жақын жердегі асхана, қонақ үй, емхана бар екені туралы айтатын белгілерді көріп, керегіне жарата алу, кез-келген жағдаятта шығатын жол болатынын түсіндіру әрине жалпы пәндерге оқыту барысында алатын біліммен байланысты. Мүмкіндіктері шектелген балаларда қоршаған орта туралы сәйкес түсінік қалыптастыру көп жағдайда педагогтың оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістері мен формаларын қолдана отырып, дұрыс педагогикалық процесс ұйымдастыруымен анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін балардың дамуы оқу мен тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады. Сондықтан бұл балаларды өмірге бейімдеу экскурсия және сабақтар, түрлі ойындар формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орын алады.
Мысалы, дүкен жұмысын бақылаудағы экскурсиялар балалар сауда залдарында жүріп түрлі бөлімдерді белгілер арқылы анықтауға болатынын, әр тағамның жарамдылық, сақтау ерекшеліктеріне қарай бөлінетінін біліп қана қоймай, олардың өздері саудаларын төлеуге, сатушыдан керектерін сұрауға, сатып алған затын сөмкесіне орап салуға, сөмке сақтауға арналған шкафтарды, телешкілерді қолдана алуға, ең аяғында дүкендегі қалыптасқан қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға үйренетіндей және өздері әрекет жасайтындай етіп жоспарлану керек. Мұндай экскурсия үлкен, егжей-тегжейлі ұйымдастыру жұмыстарын қажет етеді. Егер педагог әрбір ұйымдастырылатын әрекет, іс-шаралардың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, алынған материалдарын игертіп қана қоймай, балаларға (экскурсия барысына есеп беру, әңгіме жазу немесе бір оқушының әрекеттерін сипаттау) т.б. тапсырмалар жүйесін дайындаса, бұл мүмкіндіктері шектелген балаларды өз ісіне, жұмысына, берілген тапсырмаларды орындауға дағдыларын қалыптастырумен қатар, оқушыларға үлкен жауапкершілікті сезіне бастауға дайындап, жүктей бастайды.
Практика мүмкіндіктері шектелген балалар жүйелі жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыстар нәтижесінде тігін машинасында, компьютерде, қылқаламмен көптеген әдемі туындылар жасай алатынын, белгілі бір еңбек даярлығын, кейін түрлі өндірісте ұжыммен бірлесе отырып, мүмкіндігіне сай айналыса алатын еңбек түрін анықтай алатынын көрсетіп отыр. Бала-ата-ана-педагог, отбасы және білім мекемесі арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет