Педагогика теориясы


Педагогикалық ғылымдар жүйесі, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы



бет9/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Педагогикалық ғылымдар жүйесі, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ұзақ даму жолынан өтіп, ақпарат жинақтай отырып, педагогика ғылымдарының тармақталған жүйесіне айналды.
Адам тәрбиесінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін, барлық типтегі оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесінің негіздерін дамытатын ғылым – жалпы педагогика.
Дәстүрлі түрде жалпы педагогика төрт кең тараудан тұрады:
а) педагогиканың жалпы негіздері;
б) оқыту теориясы (дидактика);
в) тәрбие теориясы;
г) білім беру жүйелерін басқару.
Соңғы онжылдықтарда бұл бөлімдер бойынша материалдар көлемінің ұлғайғаны сонша, олар жеке дербес ғылыми пәндер ретінде ерекшелене бастады.
Белгілі бір жас топтарындағы оқыту мен тәрбие іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейтін педагогика ғылымдарының ерекше тобы жас кезеңдер педагогикасы болып табылады. Оған мектепке дейінгі (балабақша) педагогика, мектеп педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы, ересектер педагогикасы яғни андрогика кіреді.
Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасу, даму заңдылықтары туралы ғылым. Мұнда мектепке дейінгі дидактика, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі, балаларды мемлекеттік, жеке, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарында, бір, екі, көп балалы, толық, толық емес отбасы жағдайында оқыту технологиясы қарастырылған.
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Ол білім беру ғылымының ең дамыған салаларына жатады.
Жоғары білім беру педагогикасы. Оның пәні – жоғары оқу орнындағы оқу үрдісінің заңдылықтары, жоғары білім алудың нақты мәселелері.
Ересектер педагогикасы яғни андрогика ересектермен және қарт адамдармен жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттейді.
Педагогикалық пәндер жіктеу үшін негіз ретінде адам қызметінің белгілі бір түрінің қай жағы алынғанына байланысты бірқанша түрлерге бөлінеді. Мұнда әскери, инженерлік, спорттық, театрлық, мұражайлық, музыкалық, өндірістік педагогика, түзету-еңбек мекемелерінің педагогикасы, т.б.
Бұл педагогика салаларының әрқайсысының да өз зерттеу пәні бар. Мысалы, Жұмысшыларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру, жаңа мамандықтарға қайта даярлау заңдылықтарын өндірістік педагогика зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет