Білім беру – оқушылардың білім, білік және дағды жүйесін, танымдық іс-әрекет әдістерін меңгеру және осы негізде тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру процесі мен нәтижесі.
Сонымен педагогика ғылым аралық «қалыптасу» және «даму» ұғымдарын кеңінен пайдаланады. Қалыптасу дегеніміз – экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық және т.б. әсер ететін барлық факторлардың әсерінен әлеуметтік болмыс ретінде тұлғаға айналу процесі.
Даму – адамдағы сандық және сапалық өзгерістердің процесі мен нәтижесі. Ол тұрақты, үздіксіз өзгерістермен, бір күйден екінші күйге ауысумен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға көтерілумен байланысты. Адам дамуы - дене (жалпы дененің, жеке бұлшықеттер және т.б.), психикалық (эмоциялар, интеллект, ерік, қабілет, қажеттіліктер, мінез-құлық) деп бөлінеді. Сондай-ақ адамның бүкіл ішкі әлемін қамтитын рухани дамуы да кіреді. Адамның дамуында сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге және керісінше өзара ауысуының әмбебап философиялық заңының әрекеті көрінеді.
Адам дамуының тиімді факторы әлеуметтену процесі болып табылады, ол адамның өзі өмір сүретін қоғамның мәдени құндылықтары мен әлеуметтік нормаларын игеріп, жаңғыртуын білдіреді. Қоғам, адамдар әлеуметтену үшін әдейі қолайлы жағдайлар жасайды, олар салыстырмалы түрде бақыланады.
Педагогикалық ұғымдарға сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту, педагогикалық процесс, педагогикалық қарым-қатынас (өзара әрекет), педагогикалық іс-әрекет өнімдері, әлеуметтік формация, педагогикалық технологиялар, білім берудегі инновациялар т.б. кіреді.
Педагогика ғылымының пәніне байланысты қандай қызметтері бар?
Педагогика ғылымы кез келген басқа ғылыми пәндер сияқты бірнеше қызметтерді орындайды: өзі зерттейтін шындық құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау.
Педагогика ғылымының мынадай қызметтері бар: жалпы теориялық, болжамдық және практикалық.
Педагогика ғылымының жалпы теориялық қызметі педагогикалық процестің заңдылықтарын теориялық талдаудан тұрады. Ғылым педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, процестерді сипаттайды, олардың қандай заңдылықтармен, қандай жағдайда, неліктен болатынын түсіндіреді, қорытынды жасайды.
Педагогиканың болжау қызметі педагогикалық шындықтың дамуын нақты болжаудан тұрады (мысалы, болашақтың мектебі қандай болады, оқушылар құрамы қалай өзгереді және т.б.). Ғылыми негізделген болжау негізінде неғұрлым сенімді жоспарлау мүмкіндігіне иеміз. Тәрбие саласында ғылыми болжамдардың маңызы өте зор, өйткені тәрбие өз табиғаты бойынша болашаққа бағытталған.
Педагогиканың практикалық (қайта жасаушы, қолданбалы) қызметі іргелі білімдер негізінде педагогикалық тәжірибе жетілдіріліп, оқытудың, тәрбиелеудің, білім беру құрылымдарын басқарудың жаңа әдістері, құралдары, формалары, жүйелері жасалуда.
Педагогиканың барлық функцияларының бірлігі әртүрлі типтегі оқу орындарында педагогикалық процестің міндеттерін барынша толық шешуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |