заттың атымен жүргізіледі. Мысалы, сасырдың иісі, жұпардың
иісі деген сықылды.
Тату сезімінің құралы – тілдің үсті. Сол тілдің үстіне тату
нервтері тараған. Негізгі дәмдер мыналар: тәтті, қышқыл, ащы,
тұзды, тұщы.
Иіскеу һәм тату сезімдері адамның жан тұрмысы үшін аса
қымбат сезімдер емес. Бұлар – денемізге қызмет қылатын
сезімдер. Бұл сезімдер басқа
ішкі сезімдерді оятуға ұста
болады. Мысалы, жақын адамның иісі сіңген бір нәрсені
иіскесең, әлгі адамың есіңе түсе қалады.
Жас бала қолына түскен нәрсенің бәрін аузына апарып
салады. Мұның себебі ең алдымен оянатын – осы тату сезімі.
Бала қолына түскен нәрсені татып білмекші болады. Балада
татудан соң оянатын сезім – сипау. Біраздан соң кѳру һәм есту,
бәрінен соң иіскеу сезімі.
63
А
І С К Е Р Л І К
дам жанында әсерлену болу үшін жалғыз әсерлену ғана
емес, барлық жан кѳріністері болу үшін бір шарт бар.
Ол шарт – іскерлік. Іскерлік сыртқы дүниедегі
бір затқа яки
ішіміздегі бір жан кѳрінісімізге, ойға, ішкі сезімге, қайратқа
жанның тѳнуі, нүктеленуі деген сѳз. Іскерлік болмаса, біз
сыртқы
заттардан әсер алып, олармен таныса алмаймыз.
Ойымыздың дұрыс, ашық болуы, ішкі сезімдеріміздің жанды
болуы, қайратымыздың түзу бет алуы осы іскерлікке
байлаулы.
Іскерліктің түрлері. Іскерлік тѳмеңдегі түрлерге бѳлінеді:
1.
Әсер берген заттың яки кѳріністің
мінезіне қарап екіге
бѳлінеді. Еріксіз іскерлік һәм ерікті іскерлік. Біз тілемеген
уақытта яки тілегімізге қарсы бір нәрсе біздің іскерлігімізді
еріксіз тартса, міне осындай уақытта болатын іскерлік еріксіз
іскерлік деп аталады.
Мысалы, біз шын ынтамен бір кітап оқып отырмыз.
Іскерлігіміз кітапта, кенет үй
артында біреу ән шырқай
бастады. Сонда осы ән біздің іскерлігімізді кітаптан еріксіз
тартып алады. Ал енді егер біз ѳзіміз тілеп бір нәрсеге
64
іскерлігімізді ѳзіміз аударсақ,
міне осындай уақытта болатын
іскерлік ерікті іскерлік деп аталады.
Мысалы, біз қазір бір ѳлеңді жаттап алайықшы деп жаттап
отырғанда іскерлігімізді ѳз еркімізбен ѳлеңге жұмсап, жан-
жақта сѳйлесіп жатқан сѳздерді естімейміз.
2.
Іскерлік табандылығына қарап екіге бѳлінеді: табанды
іскерлік, табансыз іскерлік. Бір затқа қажымай қадалған
іскерлік табанды деп аталады. Мысалы, жан-жаққа кѳз, құлақ
салмай, бар дүниеден безіп үйрену үшін бір әнді қайта-қайта
домбыраға салып отырған жігітте табанды іскерлік болып
отыр. Ал
енді бір затқа тұрақтай алмай, бірінен-біріне
секіретін іскерлік табансыз іскерлік деп аталады. Ѳзі бір әнді
домбыраға салып үйренем деп отырып, біресе сѳзге кірісіп,
біресе домбыра тартып отырған
жігітте табансыз іскерлік
болып отыр.
3.
Іскерлік тартатын заттың тұқымына қарай іскерлік екіге
бѳлінеді: ішкі іскерлік һәм тысқы іскерлік. Сыртқы дүние
затына жұмсалған іскерлік сыртқы іскерлік деп аталады.
Ѳзіміздің бір кѳрінісімізге жұмсалған іскерлік ішкі іскерлік
деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: