Қ
Қ И Я Л
иял
ұғымы.
Жанның
ѳзінде
бұрыннан
бар
суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп
аталады.
Мысалы, қанатты ат, яғни тұлпар болады деп қиял қылу,
жеті басты адам яғни жалмауыз болады деп қиял қылу
сықылды. Бірақ адам жанында тіпті болмаған суреттеулерден
сурет жасай алмайды. Мысалы, тума соқыр заттардың түстері
туралы қиял жүргізіп, түстерді ешбір уақыт біле алмақ емес.
Еріксіз һәм ерікті қиял. Егер жанымыздағы суреттеулерді
біз билемей, суреттеулер
бізді билеп алып кетсе, яғни
жанымыздағы суреттеулерден жаңа бір суреттеу жасаймыз
деп ѳзіміз қайрат жұмсамай, бар суреттеулерден жаңа
суреттеулер ѳздері жасала берсе, міне,
жанның осы ісі яғни
бұрынғы суреттеулерден жаңа суреттеудің ѳз еркімен жасалуы
еріксіз қиял, бос қиял яки мечта деп аталады. Ояу отырып
берекесіз бос қиялға батып отыру, яки ұйықтап жатқанда түс
кѳру сықылды. Ал енді жанымызда бар суреттеулерден жаңа
суреттеулерді қайрат жұмсап, ѳзіміз
тілеп жасау ерікті қиял,
берекелі қиял яки фантазия деп аталады. Мысал үшін
Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалын» алайық. Дәл
83
романда суреттелгендей Жамал деген қыз қазақта болған емес.
Бірақ Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбала... деген қазақтың
қыздары бар. Осы – сүйгенімен қосыла алмай, қосылса,
бақытты ѳмір сүре алмай, сар даланы кѳз жасымен кѳл
қылатын қазақтың сорлы қыздарын оймен бірге жинасаң,
солардың бәрінен сорлы, бәрінен
бақытсыз Сәрсенбайдың
Жамалы келіп шығады. Міне, Міржақып жанында бұрыннан
бар суреттеулерден яғни Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбала...
суреттеулерінен жаңа суреттеуді, яғни бақытсыз Жамал
суретін қайрат жұмсап ѳзі тілеп жасап отыр.
Фантазия тѳмендегі жолдармен жасалады:
1)
Заттардың ѳздерін яки олардың бір мүшелерін зорайту
яки кішірейтумен. Мысалы,
біз бойы бір тұтам ергежейлі
деген адам болады екен деп, тѳбесі кѳкке тиіп жүретін алып
болады екен деп қиял қыламыз.
2)
Әр заттың түрлі мүшелерін алып қосумен. Мысалы, адам
басты, ит кеуделі, жылан құйрықты бір жануар болады-мыс
деп қиял қылу сықылды.
3)
Реті келгеңде ѳздері де жиыла алатын кѳріністерді бір
суретке жиюмен, түрлі адам мінездерін бір адамға жиюмен.
Мысалы, Міржақып Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбалалардың
мінезін һәм олардың тұрмысындағы болған кѳріністерді,
уақиғаларды Жамалға жинап отыр.
Міржақып қолдан
жасамай-ақ, сондай мінезді, сондай тұрмысты Жамал деген
қыздың шынында болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: