болады. Бір сағаттық сабақтың орта кезінде солай істелсе,
балалар тіпті кѳтеріліп қалады.
Мысалы, балалар қосылып айтады («У дедушки Якова
семеро детей» әнімен – М.Ж.).
Баяғыда болыпты тоғыз тоңқылдақ,
Тоғызы, тоғызы, тоғыз тоңқылдақ.
Олар ішпейді, жемейді,
Қарнымыз ашты демейді.
Бір уақыт істеді былай
(
дегенде екі қолды жоғары кѳтереді);
Құрсақтары тоғыздың тоғыз қорқылдап,
Тоғызы, тоғызы, тоғыз қорқылдап,
Сонда да олар жемеді,
Жыртаң-жыртаң күледі.
Сѳйтіп істеді былай
(
дегеңде қолдарын қанаттай жаяды);
Жата берді тоғызы тоғыз қоңқылдап,
Тоғызы, тоғызы, тоғыз қоңқылдап,
Олар ішпеді, жемеді,
Бәрі де аштан ѳледі.
Ѳлгенде істеді былай
(
дегенде екі қолды тѳмен жібереді).
Мұғалімдер
қолайлы тапса, осы ѳлеңді айтқызып,
гимнастика жасатар. Әрине, бұл ѳрнек үшін ғана.
2)
Жанның толқынданып тұруы, яғни бір іспен, яки
уақиғамен жан толқынданып тұрса, жанда іскерлік болмайды.
Толқын басылып, жан тыныштануы керек. Мысалы, ойнап,
жүгіріп, ән салып тоқтасымен бала іскер бола қоймайды.
Мұғалім осыны ескеру керек.
3)
Іскер болмаудың үшінші себебі – бейғамдық
(
рассеянность).
Бейғамдық тума да болады, жүре де болады.
Бейғамдық екі түрлі – тіпті ешбір нәрсеге іскерлікті тоқтата
алмайтын адамның бейғамдығы һәм бір нәрселерге іскер
болып,
басқа
нәрселерге
іскер
болмайтын
адамның
69
бейғамдығы. Бұл екі бейғамдықтың бастапқысын бір ауру деп
атауға болады. Бұл – терең, ұзақ тәрбие тілейді. Ал енді
екіншісін зиянды бейғамдық деуге болмайды.
Қайта мұндай
бейғамдық данышпан адамдарда кѳп ұшырайды..
Жоғарыда саналған іскерлік түрлерінің ішінде адамға ең
қымбаты адамның терең, толық білімді болуына себепші
болатыны, сѳз жоқ, ерікті іскерлік. Сондықтан тәрбиеші күшін
баланың ерікті іскерлігінің ѳркендеуіне жұмсау керек.
Ерікті
іскерлікті ѳркендету әсіресе, жоғарыда айтылған іскерлік
шарттарын орындаумен танылады.
70
С
С У Р Е Т Т Е У
уреттеу ұғымы. Бір заттан яки кѳріністен болған
әсерлену, зат яки кѳрініс жоғалса, ол да, яғни әсерлену
де тоқтайды. Бірақ әсерлену ѳзі тоқтағанмен, жоғалғанмен,
оның жанда ізі қалады. Яғни жанды заттың яки кѳріністің
суреті қалады. Мысалы, біз жаздыгүні кѳрген кемпірқосақты
қыстыгүні суреттей аламыз.
Міне, осы заттың ѳзі бізге әсер беруден тоқтаған күңде де,
біздің ой мен жанымызда
сол затты тірілте алуымыз, сол
заттың суретін кѳз алдымызға алып келуіміз суреттеу деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: