Педагогикалық факультет


 Даму қалыптылығының принципі



Pdf көрінісі
бет39/55
Дата17.05.2023
өлшемі0.52 Mb.
#473851
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55
Психотерапия негіздері.

2. Даму қалыптылығының принципі. Даму қалыптылығы деп онтогенездік дамудың 
жастық кезеңдеріндегі жастың бірін-бірі ауыстыру реттілігі ретінде түсінуге болады. 
«Психологиялық жас» ұғымын Л.С.Выготский енгізген болатын. Бұл «белгілі бір жас 
кезеңінде негізінен баланың санасын, қоршаған ортаға қатынасын, оның сыртқы жəне 
ішкі өмірін, сол кезеңге тəн даму барысын анықтайтын тұлға құрылымының жаңа типі
оның іс-əрекеті, психикалық жəне əлеуметтік өзгерістері» (Л.С.Выготский 1984, 248 бет).
Сонымен баланың даму деңгейін жастық нормаға сəйкестенуін бағалау жəне түзетудің 
мақсаттарын құрастыру кезінде келесі сипаттамаларды ескеру қажет: 
1. Дамудың əлеуметтік жағдайының ерекшелігі (мысалы, білім беру немесе 
тəрбиелеу мекемелерінің түрінің, балалардың құрдастарымен, ересектермен 
жəне т.б. қарым-қатынас ортасының өзеруі); 
2. Жастық дамудың осы кезеңінде психологиялық жаңалықтың
қалыптасу деңгейі; 


3. Баланың жетекші іс-əрекетінің даму деңгейі, оны үйлесімдеу.
«Жастық норма» ұғымынан басқа психологқа «жеке норма» ұғымымен кездесуге тура 
келеді. Бұл ұғым дамудың жастық нормасы аймағында əр клиенттің даралығын жəне 
өзбетті даму жолдарын ескере отырып, нақты клиент үшін дамуды тиімдендіру 
бағдарламасын белілеуге мүмкіндік беред. 
3. 
«Жоғарыдан төменге қарай» түзету принципі. Л.С.Выготский ұсынған бұл 
принцип түзету жұмысының бағыттарын көрсетеді. Психологтың назарында дамудың 
ертеңгі күні болады, ал түзету іс-əрекетінің негізгі мазмұны клиент үшін «жақын даму 
зонасын» жасау (Л:С:Выготскийде бұндай клиент рөлінде балалар жүрді) болып 
табылады. Бұл принцип бойынша түзету басымдылық сипатына ие жəне психологиялық 
жаңа бейнелерді өз кезегінде құрылуына көзделген психологиялық іс-əрекет ретінде
құрылады. 
4.«Төменнен жоғары қарай» түзету принципі. Түзету жұмысының мазмұны ретінде
бүл принциптің жүзеге асуы кезінде бұрынан бар психологиялық қабілеттерді 
жаттықтырлады. Бұл принципті негізінен мінез-құлықтық тұрғыны жақтаушылар жүзеге 
асырды. Олардың түсінігіндеі мінез-құлықты түзету əлеуметтік жағымсыз мінез-құлықты 
тежеу жəне əлеуметтік жағымсыз мінез-құлықты бекіту мақсатында бұрынан бар мінез-
құлық шаблондарын нығайту ретінде құрылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет