Педагогикалық факультет



Pdf көрінісі
бет47/55
Дата17.05.2023
өлшемі0.52 Mb.
#473851
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
Психотерапия негіздері.

Психологиялық консилиум: Психологиялық мəселе бойынша əдістерді қолдануды
талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. 
«Ассоциация» стратегиясы: «Ассоциация» стратегиясын əдетте студенттер жаңа 
ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан 
білетін түсініктерін топ болып ортаға салады. Əрбір топта 4-5 студенттен артық 
болмағаны дұрыс. Содан кейін əрбір студент жеке не топ болып «Түртіп алу», «3-4 
айналым» тағы да басқа əрбір пəнге жəне мəтінге тиімді стратегияларды пайдалана 
отырып, жазып келген материалдарын талдау жасайды. Игерілген білімдерін қолдана 
отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» 
стратегиясын қолданғанда əсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны 
бағалап отырған тиімді. Мысалы: 
Түртіп алу:«Түртіп алу» страгиясы бойынша əрбір студент мəтінге «+» - жаңалық, «v» 
келісемін, «-» - келіспеймін, басқаша ойлаймын, «?» - түсінбедім деген белгілер қою 
арқылы əрбір сөйлемге немесе ойға талдау жасайды. Төменде көрсетілген кестені мəтінді 
оқи отырып толтырады. Бұл жерде студенттер белгіленген уақыт ішінде жұмыстарын 
аяқтаған соң бірі-біріне өзара кеңес бере алады, өз ойларын айтуға үйренеді. Игерілген 
білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. 
«Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда əсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін 
тыңдап, оны бағалап отырған дұрыс.
 
«+» жаңалық 
«v» келісемін 
«-» 
келіспеймін, 
басқаша ойлаймын 
«?» түсінбедім 
Психодиагнос
тика 
Пəн 
Зерттеу… 
Диагноз
… 
Ғылым



Кубизм стратегиясы:Бұл стратегия кубиктің 6 жағына байланысты жəне соған орай 
берілетін тақырып немесе тапсырмаларға байланысты. Студенттер əдетте алты топқа 
бөліне отырып, белгілі бір тақырып не оқу материалын жан-жақты талдайды. Яғни, əрбір 
топ өзіне берілген тапсырма бойынша белгіленген уақыт ішінде өз жұмыстарын жан-
жақты, мəнді, терең ашып, талдап көрсетуі тиіс. Дайындыққа жəне өз жұмыстарын 
қорғауға уақыт белгіленеді. Мысалы, 1-топ «салыстырыңыз», 2-топ «суреттеңіз», 3-топ 
«талдаңыз», 4-топ «ұсыныс жасаңыз», 5-топ «дəлелдеңіз», 6-топ «ассоциация жасаңыз» 
деген тапсырмалар алады. Кейде əрбір топқа бөлек тақырыптар да берілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет