РАФТ стратегиясы:
«РАФТ» (роль, аудитория, форма, тақырып) стратегиясы
бойынша студенттер оқылған мəтінге байланысты топтарға бөліне отырып, түрлі
рольдерді орындау арқылы хабарламалар жасайды. Мысалы, президент (роль) болып,
белгілі бір тақырып бойынша халыққа (аудиторияға) үндеу (форма) жолдауы мүмкін,
немесе радиодан, теледидардан сөйлеу т.б. Тақырыпты оқытушы əдетте сабақ
тақырыбына байланысты беереді. Оқытушы студенттердің өз «қойылымдарында»
тақырыптан ауытқымай, оқу материалын толық ашып, көрсетуін қадағалау керек.
Р – Роль А – Аудитория Ф – Форма Т - Тақырып
ББҮ стратегиясы: «ББҮ» - білемін, білгім келеді, үйрендім сөздерінен қысқартылып
алынған. Студент бұл стратегияны да көптеген жағдайларда еркін қолдана алады.
Мысалы, сабақ басталған кезде студент сол ұғым немесе тақырып бойынша не
білетіндігін, білгісі жəне үйренгісі келетіндігін өз кестесіне түсіреді. Бұл кестені тақтаға
сызып, оған топтың ойларын да жазып қоюға болады. Сабақа соңында сол материалды
игере отырып, кестені толтыруға тырысады. Немесе студент оқу жылының басында
белгілі пəн бойынша осы кестені толтыра отырып, өз білімінің толығуын бақылап отыра
алады. Оқытушы да бұл кестені жағдайға қарай өзгертіп қолдануына болады.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне
отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа
сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға жəне əрбір топтың
қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы
əрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Əрбір топ өз жұмыстарын қорғаған
соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл əдіс студенттердің ойлау,
қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
Еркін жазу:Бұл əдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой
толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан
алған əсерін, не үйренгенін, нені əлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз
бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер
(оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған
жұмысты ұжымда оқуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |