Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет122/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Байпаков К.М.Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. А.-А., 1986; По следам древних городов Казахстана (Отрарский оазис). А.-А., 1990;Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992.
Самашев З.Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987.; Археологические памятники на Великом Шелковом пути. Алматы.


ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақ тарихнамасы қазір жаңа кезеңді басынан өткізуде. Ғалым– та­рих­шылар ізденіс үстінде. Өкінішке қарай әлемдік тарих ғылымы ХХ ға­сыр­дың басында кірген дағдарыстан әлі шыға алмай келеді. «Айтпаса сөз­дің атасы өледі» дейді қазақ. Қазақ тарихнамасы әлі қалың ұйқыда, тарих ғы­лымын ұйымдастыратын мекемелердің әрекеті самырқау, кадр да­йын­дау ісі тұмшаланған күйінде, үкімет әзір той–томалақ пен ешкімге не пай­да бермейтін, не аброй әпермейтін конференция, симпозиум, семинар өт­кі­зу­ден жалықпауда.
«Қазақтың тарихын қазақтың өздері қазақша жазуы керек», – дейді бел­гілі тарихшы Т.Омарбеков. «Қазір де мынау 20 кітаптан тұратын 10 том­дық орысша жазылмақ. Осының бәріне қарап отырып, ойлайтыным, қо­ғам түзелмей, бізде мықты тарихшылар қалыптаспайды. Ал, мықты та­­рихшы дейтін біздердің сиқымыз, міне, осындай. Тарихшылардың жаңа ұр­пағы қазақтың тарихын жазуы үшін оларға жағдай жасау ке­рек», деп ойын одан әрі өрбітеді ол («Заң» газетінен, 17–қазан, 2012 ж).
Тарихи зерттеулерді ұйымдастыратын Шоқан атындағы тарих және этнология, Р. Сүлейменов атындағы шығыстану, Мемлекет тарихы инсти­тут­тары археографиялық жұмыстар мен өткен жылдары жарық көрген та­ри­хи шығармаларды қайта бастырумен шектеліп отыр. Шет елдерден әке­лін­ген бай деректемелік материалдар ғылыми сарап­та­ма­мен талдаудан өт­кізілген жоқ. Ә.Марғұлан атындағы археология инс­ти­ту­ты «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыны иге­ру­ден аса алмай отыр.
Тарихи зерттеулер жүргізуге сөз жүзінде қомақты қаржы бөлінеді. Іске келгенде ол талан–таражға түсіп, іскер, талапты, ғылыми жұмыс­тың әдістерін игерген зерттеушіге мардымды ештеңе тимейді. Жария­ланған конкурстың сарапшылары сол жоғарыда аталған институт қыз­мет­керлері. Жеңетін де солар. Ал оның қортындысы айтпасада түсінікті.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тез арада халықтың тарихи санасын қалыптастыру қажет болды. Халықтың да тарихи шығар­ма­ларға сұранысы өте жоғары еді. Не жасыратыны бар кәсіби тарих­шы­лар, тарих ғылы­мын­дағы ақсақал ғалымдар жол таппай абдырап қалған жағдайда жас ғалым­дар, жазушы, журналист әріптестеріміз қызықты–қызықты шығармаларды дүниеге әкелді. Бұл заңды құбылыс еді. Өйткені ғылым ваккумды қажет­сін­бейді. Осы күнгі кейбір ғалымдар оларды тарихты аңызға айналдырды деп сынайды. Олар ол кезде халықтың, әсіресе, жастардың тарихқа деген зор сұранысын өтеуге тырысты.
Тарихтың білім ретінде, ғылым ретінде алдында толып жатқан мәр­тебелі міндеттері бар. Ұлттық идеяның да негізінде тарих жатыр. Үкімет та­рихи сана қалыптастыру үшін көптеген іс–шараларды жүзеге асырды. Ла­йым оның пайдалы әсер коэффиценті жоғары болғай. Келе­шек­те тарих ғылымы алдындағы мақсатын толық орындау үшін мыны тө­мендегі талаптарға сай болуы қажет:
Біріншіден, тарихи шығармаларға жоғары талап қойылуы қажет. Кез келген қолжазба қатаң сараптамадан өтіп, тек Ғылыми кеңестің ұсы­ны­сымен, білікті маманның рұқсатымен баспаға ұсынылуы керек. Сын–пікір жаз­ған маман да, ұсыныс енгізген Кеңес те, қолжазбаның сапасына жа­уап­ты болуы қажет.
Екіншіден, шет мемлекеттердің мұрағаттары мен кітапханаларында сақ­талып қалған жазба архив деректерін тауып, қолға түсіруде перма­нент­ті жұмыстарды тоқтатпау керек. Өйткені, уақыт өте келе мұнан да айы­ры­лып қалуымыз мүмкін.
Үшіншіден, отандық тарих ғылымын дамыту шараларының қата­рын­да іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыра түсу қажет. Ғы­лы­ми экспедициялар, монографиялар мен ғылыми жинақтар, журнал­дар бас­ты­ру қосымша қаражатты қажетсінуде.
Төртіншіден, Тарихшылар Конгресі жанынан тарих ғылымы бо­йын­ша тұрақты әрекет ететін Кеңес құру қажет. Бұл Кеңес отандық ғылымның стратегиялық міндеттерін жасауда академиялық ғылымды профанациядан, дилетанттық пен кездейсоқ, кәсіпқой емес адамдардан қорғауы тиіс.
Бесіншіден, бұл Кеңестің қыз­метіне Қазақстан тарихының Тұжы­рым­­­да­масын жасау кіреді. Оның аясында мемлекеттік субсидиялар жү­йе­сі бо­йын­ша отандық тарихты зерттеу дамы­тылып, Қазақстанның жо­ға­ры оқу орын­дары мен мектептері үшін оқулықтар, оқу құралдары мен ғылыми ба­сы­­­лымдар дайындалатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет