Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Қазақ тарихнамасының көрнекті өкілдері



бет117/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Қазақ тарихнамасының көрнекті өкілдері.

Осындай игі істердің басы-қасында болған тарих және этнология инс­титуты болды. 1988 жылы маусым айында институт директоры бо­лып М.Қ. Қозыбаев сайланды. Міне осыдан бастап институттың қоғам­дағы беделі артты. Манаш Қабашұлы Қозыбаев (1931–2001), 1953 жы­лы Қазақ мемлекеттік уни­вер­ситеінің тарих факультетін үздік бітіріп, Қос­танай педагоги­калық инсти­ту­тында ғылыми-педагогикалық жұмы­сы­мен айналысады.
1958 жылы ҚК ОК жанындағы Партия тарихы институтына қыз­мет­ке ша­қыр­ылып, онда аға ғылыми қызметкерден тарих ғылы­мы­ның док­торы (1969), про­фессор (1970), танымал ғалым дәрежесіне дейінгі жолдан өтті. 1961–1970 ж. осы институттың ғылыми хатшысы, онан соң Қазақстандағы партия құ­ры­лысы тарихы бөлі­мінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1974–1980 жыл­дары ол Алма­ты малдәрігерлік инст­и­ту­тын­да, кейіннен Қаз­МУ-дың жанындағы Қоғамдық ғылы­м­дар пәндері оқы­ту­шы­ларының біліктілігін жетіл­діру институ­тында кафе­дра меңгерушісі болды.1980 жылдан Қа­зақ совет энциклопе­дия­сын­ың редак­циясын басқарды.
1989 жылы Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сай­ланды. 800-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, соның ішінде 30 моно­графияның, 50-ден астам ұжымдық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның еңбектері басым көпшілігі Қазақстанның тәуелсіз­дігі жылдарында жарық көр­генін атап айтқан жөн.
90-жылдары осындай күрделі де аса қиын ізденістер мен зерт­теу­лер­дің барысында ол «История и современность», «Ақтандақтар ақиқаты», «Жауға шаптым ту бай­лап», «Тарих зердесі» (2 томдық), «Проблемы оте­чес­твеннойистории: методо­логия, историография, и источники» (2 томдық), «Труд во имя победы» және тағы да басқа еңбектері дүниеге келді.
Академиялық ғылымының білім саласымен дәстүрлі байланыс­та­рын дамыта отыр­ып, ол орта мектептер мен жоғары оқу орындарына ар­нал­ған оқулықтар мен оқу құрал­дарын шығарды. («Қазақстан тари­хы» IX сынып оқулығы. А., 1991-2001; «Қазақстан тарихының хрес­томатиясы». А., 1994). Оның басшылығымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар туралы 60 томнан асатын «Зерде кітабы», саяси қуғын-сүргін құрбандары ту­ралы 5 томдық «Аза­лы кітап», мектеп оқу­шы­лары мен көпшілік қауымға арналған «Ил­люстр­ированная история Казахстана» басылып шықты. Оның көптеген еңбектері әлем халық­та­рының тілдеріне аударылған.
1995 жылы оның басшылығымен тарихи сананы қалыптастыру тұ­жырым­дамасы әзірленіп, оны ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат туралы Ұлттық кеңес бекіт­кен болатын. Осылайша тәуелсіздік жылдарында М.Қ.Қозы­баев елімізде тар­ихи сананы қалып­астыруға, рухани өмірдің жаң­ғыруы мен дамуына ұлтаралық жара­сым мен ха­лық­тар бір­лігін нығайтуға зор үлес қосты. Ол қазақ мемлекет­тілігі тари­хы­ның, отаршылдық жә­не ке­ңестік тоталитаризм жағдайындағы Қазақстан тарихының жаңа концептуалдық ба­ғыт­тар­ын қалыптастырудың, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың бастау кө­зін­де тұрды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет