Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет116/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Өзекті зерттеу аспектлері

1991 жылдан Алаш пен Алашорда тарихын зерттеудің жаңа кезеңі баста­лды. Бұл рет­те қазірге дейін үстем болып келе жатқан әдіснамалық императив­тердің ғылыми негізінің жоқтығын сезіну мен жаңа теория­лық аппараттарды және не­ғұрлым жетілген тұғырнамалық құрал­дарды мең­геру қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті. Зерт­теуш­ілік ойдың жандануы мен деректемелік негіздердің кеңе­юі жарияланған жұмыс­тар­дың сапа­сы­на оң ықпал етті.
Проблемалық мақалалар, ғылыми конференция мен семинар және «Дөңге­лек үстел­дегі» пікірталасты материалдармен бірге, жалпы тұр­ғы­дан зерттеуші, монографиялық си­пат­тағы еңбектер, энци­кло­пе­дия­лық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық-де­ректі басылымдар, қоз­­­ғалыс көсемдерінің шығар­малар жинақтары жарық көре бастады. Ол­а­р­дың едәуір бөлігі қазақ тілінде шықты.
Көптеген шығармалар жекелеген тұлғаларға арналды. Ә.Бокей­ха­нов­тың, А.Бай­тұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ж.Ақбаевтың, А.Ерме­ков­тің, М.Тыныш­баевтың, М.Шо­қайдың және басқа да көптеген қай­рат­кер­лер­дің өмірі мен қызметін жаңаша айқындайтын кітаптар жарық көрді. Атал­ған басылымдар Алаш қозғалысының әлеуметтік табиғатын та­­нып білуге, оның саяси бағдары мен мақсатын жаңа көзқарас тұр­ғы­сынан тү­сі­нуге мүм­кіндік туды. Іс жүзінде өткен ғасырдың 90-жыл­дарынан бастап, мемлекеттік кұрылыс т­а­р­ихын зерт­теуде, Қазақ­стан­ның егемен­дік алуына орай, түбегейлі өзгерістер жүзеге асты.
А.И. Солженициннің «Ресейді қалай көркейтеміз: қол жетерлік пайым­даулар» мақаласы, сондай-ақ Л. Васильевтің, Г. Поповтың және басқалардың Алтайдың қазақ­стан­дық бөлігін, Қазақстанның солтүстік облыстары мен батыс аудандарын қайтаруды талап еткен пікірлері ұлы державалық шовинизмнің ашық көрінісі болды. Осыған байланысты тарихшылар еліміздің тұтастығы, он­ың тарихи даму зандылықтарының ғылыми негіздел­ген тұғырнамасын жасады. «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комит­еттің хат­тамалары (1919–1920). Құжаттар жинағы» (А., 1993); М.П. Малышевтің «Сібір мен Қазақ­стан­ның ұлттық-аумақтық межелік бөлінісі (1919–1922)» (Семей, 1999); Т. Рыскұловтың «Үш томдық шығармалар жинағы» (А., 1996,1998) сияқты би­бли­­ографиялық сирек кездесетін еңбектер қайта ба­сылды. Сондай-ақ халықаралық құқық жөніндегі «Халықаралық құқық бойынша құжаттар жинағы», 1 том// (А., 1998) және бас­қа да жұмысардың жарық көруі аталған проблеманы теориялық тұрғыдан түсінуге септігін тигізді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет