Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет26/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Рим тарихнамасы. Рим тарихнамасының қалыптасуына ежелгі грек мәдениеті ықпал етті. Римдегі тарихи шығармалардың ең көне жан­ры анналдар (лат. annus – жыл) болды. Анналдар дегеніміз – Римде абыз­­–понтификтердің ежелгі уақыттан бері құрастырып келген оқиға­лар тізбегі. Шамамен б.з.д. 123 жылы. Көп жылдар бойы жинақталған материалдар «Ұлы анналдарға» (80 кітап) кіргізілді. Ерте тарихи римдік еңбектер – «аға анналистердің» шығар­малары б.з.д. ІІІ–ІІ ғасырларда грек тілінде жазылды.

Гай Саллю́стий Крисп 86 б.э.д., Амитерн – 35 б.э.д. Көне рим та­рих­шысы, саяси қайраткер, антика тарихнамасының реформаторы. Ол ортал­ық Италия­дағы Амитерн қаласында дүниеге келген. Кейбір дерек­тер­де Рим қа­ла­сында туды деп көрсетіледі. Ата–анасы, шыққан тегі жө­нін­де толық мәлімет жоқ. Ол сол кездегі барлық балалар сияқты латын жә­не грек тілінде білім алған.
Жас кезінде саясатпен айналысқан. Цезарь оны әскери қызметке ша­қыр­ды деген де мәліметтер бар. Бірақ оның аты тарихта ғылыми шығар­ма­ларымен қал­ды.
«Катилины бүлігі» және «Югуртин соғысы» еңбектері оны сол за­ман­­­да­ғы тарихшылардың ең бір дарындыларының қатарына қосты. Ол та­ри­хи шығарма жазу барысында саяси және әскери қайраткерлердің сөз­де­рін тікелей кел­тіру әдісін қолданды.
Екіншіден ол Рим тарихына сыни көзқарас қалыптастыру қажет­ті­лі­гін баса көрсетті. Оның негізгі кітабы «Тарих» деп аталушы еді. Бірақ ол бізге дейін тол­ық жетпеді. Рим үстемдігінің әлсіреу себебін ол ел ба­сын­дағы­лар­дың мо­раль­дық деңгейінің, адамгершіліктің, тазалықтың, тө­мендеуі­мен түсіндіреді.
Тит Ливий – (б.э.д.59–б.э. 17.) – Римнің белгілі тарихшыларының бірі. Өмірбаяны туралы деректер мардымсыз. Жасында Римнен кейінгі үл­кен қала Патавиде (қазіргі Падуя) білім алған. Ливий алғаш рет Рим­нің то­лық тарихын жазуға тырысты. Оның негізгі еңбегі 142 кітаптан тұ­ра­тын Рим империясының тарихына арналған. Өкініштісі оның тек 35 томы ғана бізге дейін жетіп отыр. Кітаптың атын автор «Жылнама» деп атаған. Ке­йін тарихшы Плиний Стар­ший өзгертіліп, оны «Римнің пай­да болған­нан бастау алатын тарихы» – деп атайды. Кітап 10 томнан (декада) топ­тал­­ған, әр декаданың басында арнаулы кіріспе беріл­ген. Ли­вий­дің мұрасын зерттеушілер кітаптің бірінші томы б.э.д. 27 жылы жа­зылғандығын анықтаған. Автор жалпы бұл еңбекке өзінің 40 жыл уақытын жұмсаған.
Ол өзіне дейінгі авторлар­дың еңбек­терін кеңінен пайдаланған. Ал енді мұрағат құжаттарын сирек пайдалана­ды. Ол болған оқиғалардың шындығын, он­да­ғы себеп–салдар­лық байланыстар­ды іздеп әуре болмай­ды. Кез келген оқи­ға­ны баяндағанда ол осы шындыққа жақын–ау деген факты­ны пайдаланған өзінің сөзі бо­йын­ша «Раз дело касается столь древних событий, я буду счи­тать дос­­­­­та­точ­ным признавать за ис­ти­ну то, что похоже на истину».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет