Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет22/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

II. АНТИКА ДӘУІРІНДЕГІ ТАРИХИ ОЙ


Антика тарихнамасы – бұл антика дәуірінде жазылған, грек және латын тілдеріндегі тарихи шығармалар. Бұл кезеңнің хронологиясы б.з.д. 1000 жыл­дан – б.з. 500 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

  1. Көне грек тарихнамасы. Алғашқы кезде тарих көркем проза­ның­ жа­нры ғана болды. Оның пайда болған жері – грек мәдениетінің орта­лы­ғы кіші аз­ия­лық Иония, яғни Милет. Логогра́фтар (грек сөзі логос – сөз, гра­фо – жаза­мын) деп аталатын бұл топ екі бағытқа бөлін­ді. Бі­рі – тарих­шы­лар, екін­ші­лері – сөз жазатындар. Бұлардың екі дәуірінің бол­ған­ды­ғы белгілі. Аға ұр­па­ғы – ҮІ–Ү ғасырлардың алғашқы жар­тысы. Кадм Ми­лет­­ский, Гека­тей Миле­ский, Скилак.

Бүгінгі ғылымға белгілі ең алғашқы жазушы әрі әдебиетші – Кіші Азия­­­­­­­дағы Милет қаласының тұрғыны Пандион баласы Кадм. Шамамен біз­дің дәуір­імізге дейінгі ҮІ ғасырдың басында дүниеге келген. Өмір сүр­ген уақыты да, он­ың өмірбаяны да бізге беймәлім.
Византияда Х ғасырда жазылған Суда сөздігінде (Suidae Lexicon 1854 жылы грек тілінде жарияланған) оның төрт кітаптан тұратын «Милет және жал­пы Ионияның пайда болуы» деп аталған шығарма жазғандығы айтылады. Финикия әліпбиін алғаш Грекия еліне әкелгенде осы Кадм екен­дігін де осы деректен оқимыз. ІХ–Х ғасырдағы болгар жазушысы Храбр­дың «Сказание о письменах .....» деген шығармасында Кадмның грек әліпбиінің 16 әрпіне 3 әріп қосқаны жөнінде мәлімет бар.
Тарихта Кадм есімді бірнеше адам болған сияқты. Жоғардағы деректе 12 кітаптан тұратын «Аттика тарихын» жазған Архелай баласы Кадм тура­лы ай­тылады. Бұлардың қайсысы бұрын өмір сүргендігі тағы белгісіз. Орыс­тың 1890–1907 жылдары жылдары жазылған 82 томдық Брокгауз Ф. А. және Еф­рон­ның И.А. энциклопедиясында грек әдебие­тін­де бұларға дейін прозамен жаз­ыл­ған шығармалардың болмағанды ай­тады.
Милетте туған екінші бір автор Гектай. Шамамен б.д.д. 550 – 490 жыл­дары өмір сүрген. Көне грек тарихшысы, әрі географы. Геродоттың ру­­ха­ни әке­сі, оған дем беруші.
Оның заманы – гректердің парсыларға қарсы соғыстарының заманы. Гек­тай барлық саяси оқиғаларға қатынасқан адам. Тіпті парсыларға ел­ші ретіндегі қызметі де тарихта қалған.
Бізге белгілісі оның «Шежіре» және «Әлемге саяхат немесе Жердің си­­пат­тамасы» деп аталатын екі шығармасы. Оның өзі толық сақтал­ма­ған. Тек одан кейінгі авторлардың оған сілтемесі арқылы белгілі болып отыр.
Гектай алыс жерлерге саяхат жасаған, Африкада болған. Оның гео­гра­­­фия­лық шығармаларында Азия, Африка және Европа елдеріне сипат­та­ма бе­ре­ді. Ол елдердің табиғаты, өзен–көлдері, тұрғындары жөнінде мәлі­мет бе­ре­ді. Әлемнің картасын жасауға тырысқан, Анаксимандра картасын то­лықтыра-ды. Бізге дейін оның 300 фрагменттері жаткен. Әсіресе Африка жөнінде то­лық мағұлымат беруге талаптанады. Оның пигмей тайпасы ту­ра­лы жазған­дары осы күнгі этнограф–зерттеушілерді қызықтырары анық. Көне Мысыр жерінде абыздарға өзін құдайдың 16-ұрпағымын деп таныстырады. Әрине олар бұған сенбейді, бірақ оның тегін адам еместігін түсінеді.
Оның біздің пәнімізге жақын «Шежіре» еңбегінде өзіне белгілі әу­лет­терді тарихи оқиғалармен байланыстырады. Мұнда ол аңыз–әңгі­ме­лер­­ді, гео­графия­лық атауларды қарапайым скептицизм тұрғысынан қа­рас­тыр­май, рациональді түсіндіруге тырысады. Яғни, Гектай ондай шы­ғар­малар­ға тарих дерек ретінде қарады деп айтуға толық мүм­кін­ші­лі­гі­міз бар. Өкі­ніш­тісі шы­ғар­ма бізге толық жеткен жоқ, фрагменттерін Ге­ро­­дот өз ең­бегін жазу бары­сын­да пайдаланғаны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет