История греческой литературы: В 3 т. Т.2. М., 1955. С. 19–22.
ЛисовыйИ.А., Ревяко. К.А.Античный мир в терминах, именах и названиях: Словарь–справочник по истории и культуре древней Греции и Рима / Науч. ред. А.И. Немировский. – 3–е изд. – Мн: Беларусь, 2001)
ОРТА ҒАСЫРДА МҰСЫЛМАН ТАРИХНАМАСЫ
Мұсылман тарихнамасының алғашқы дәуірі.
Ислам дінінің таралуы мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Бұл әдебиет саласында тарих жанрының дамуынан көрінді.
VІІ ғасырдың соңынан бастап негізінен араб тілінде, сондай–ақ, парсы, түрік, малай тілдерінде жеке халықтар мен әлем тарихы бойынша еңбектер жазылып, биографиялық сөздіктер құрастырылды. Тарихшы – мұсылмандар өз елдерінің тарихы мен мәдениетіне ғана қызығушылық танытқан жоқ, басқа елдерге жасалған саяхаттар да сипатталды.
Тарихи баяндаулар интеллектуалдарға ғана емес, қарапайым халыққа арнап жазылғанымен, онда тарих философиясының да мәселелері көтерілді. Мысалы, Бируни ХІ ғасырда уақыт категориясына шолу жасады.
Егер Батыс Еуропалық тарихнамада бірыңғай хронология ХІ ғасырдан бастап қалыптасса, ал ислам тарихшылары оқиғаларды VІІІ ғасырдан бастап хронологиялық ретпен қойып белгілейді. Араб тарихшылары хрониканың басында жазбаша және ауызша деректерді талдап, салыстырған.
Араб тарихнамасының негізгі дерек көздері тарихи ру–тайпалық шежірелер мен әртүрлі исламға дейінгі тарихи әңгімелер еді. Одан кейін Мұхаммед пайғамбардың іс–әрекеті, діни–тарихи сюжеттер араб тарихнамасының маңызды тақырыбына айналды. Әлемдік тарихи процесс схемасы да құранның идеясымен сабақтас болып жатты. Бір қызығы ҮІІ–ҮІІІ ғасырда мұсылман шежіресін арабтардың арғы тегін библиядағы «халықтар таблицасына» сәйкестендіріліп жасалды.
Мұсылман тарихнамасының қалыптасуына астрономиялық білімнің (әлем тарихының хронологиясын қалыптасты) дамуы және көне ирандықтардың тарихи–эпикалық шығармалары (сасанидттік Ирандағы «Патшалар кітабы») үлкен әсер етті. Иудей–христандық апокрификалық (апо́крифы (көне грек сөзі – жасырылған, құпия) – соңғы иудейлік, алғашқы христиандық библия конондарына кірмеген шығармалар) аңыздарының да ықпалын көреміз.
Ортағасырлық мұсылман тарихнамасы тарихи процесті теологилық тұрғыда түсіндіреді. Сонымен қатар олар тарихтағы жеке тұлғаның да ролін жоққа шығармайды.
Жоғарыда тарихи шығармалардың негізінде шежірелер жатты дедік. Соларды жинап алғаш рет құрастырғандар: Мухаммед аль–Кальби (763 өмірден озды). Кейін оны толықтырған оның баласы Хишам (819 өмірден озды), Муарриджас Садуси (811 өмірден озды), Сухайм ибн Хафс (806), Мусаб аз–Зубайри (851 өмірден озды), Зубайр ибн Баккар (870), Ибн Хазм ( 1030 өмірден озды), аль–Калькашанди (1355–1418).
Араб тарихнамасының алғашқы дәуірінің көрнекті өкілі Мұхаммед аз–Зух–ри(741/42 өмірден озды). Ол жиналған шежірелік және аңыз–әңгімелер негізінде саяси мәні бар Мұхаммед пайғамбардың әскери жорықтары жөнінде еңбек жазды.
Осы тақырыпқа қалам тартқан екінші бір тарихшы Ибн Исхака(шамамен 704–768 немесе 767). Оның Пайғамбарымыз жөнінде жазған шығармасы кейінгі тарихшыларға үлгі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |